18.05.2010, 10:57 2497

Нашақорлықтың алдын алу бойынша республикалық бюджеттен 2 жылға қосымша 794,8 млн теңге бөлінбек

Нашақорлықтың алдын алу бойынша республикалық бюджеттен 2 жылға қосымша 794,8 млн теңге бөлінбек

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Нашақорлықтың алдын алу бойынша республикалық бюджеттен 2 жылға қосымша 794,8 млн теңге бөлінбек, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылғы 14 мамырда Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияның 17- отырысы өткізілді, оған комиссия мүшелері - мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы қаралды, нашақорлық және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды есепке алу заңнамасына өзгерістер енгізу, пайдалануға медициналық мақсатта тыйым салынған есірткі құралдарының, және психотроптық заттардың тізіміне кіретін өсімдік өнімдерін шегетін шөп қоспаларының (микс), тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) құрамындағы психоактивтік және синтетикалық заттарға жатқызу бөлігіне заңнамаға өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы мәселелер көтерілді.

"Комитет өткен жылы "www.narcopost.kz" web-сайтын ашып, оған нашақорлықтың алдын алу, есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша ақпарат орналастырылды, Интернетті пайдаланушылар үшін арнайы айдарлар, сұрақ-жауаптар, қонақ кітабы, сенім телефоны тағы басқа да материалдар жұмыс істер жатыр",- деп хабарлайды мекеме.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы өңірлерде есірткіге тәуелді адамдарды есепке алу жүйесін жетілдіру, есірткі қызметтерін материалдық-техникалық және штаттық нығайту бойынша іс-шаралар қабылданып жатқаны атап өтілді. Оқу орындарында нашақорлықтың алдын алу бойынша оқу-әдістемелік базаларын талдау жүргізу ұсынылады, жаңа құралдар оның ішінде интерактивтік әдістемелер әзірлеу ұсынылады.

"Комиссия нашақорлықтың алдын алу бойынша жүзеге асырылуы республикалық бюджеттен 2 жылға қосымша 794,8 млн теңге бөлуді талап ететін бірқатар іс-шараларды қолдауға шешім қабылдады",- делінген хабарламада.

Отырыста бағдарлама аясында ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шегетін шөп қоспасының (микс) құрамында синтетикалық есірткінің айналымына заңнамалық тыйым салу енгізу бойынша белгілі бір жұмыстар атқарылды.

"Есірткі бизнесіне қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу бойынша қабылданған кешенді іс-шаралар 2009 жылы есірткі тұтынушылардың санын 1,6%, соның ішінде жастар арасында 8,2 % азайтуға мүмкіндік берді.Сондай-ақ есірткіге тәуелді адамдардың саны қысқарды",-деп хабарлайды комитет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны