01.03.2013, 12:39 3861

Наурызда бензин бағасы өзгермейді

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, осы жылдың наурыз айында жанар жағармай бағасы қымбаттамайды. Бұл жағымды жаңалықты бүгін өткен брифинг барысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупа мәлім етті.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Наурызда бензин бағасы өзгермейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, осы жылдың наурыз айында жанар жағармай бағасы қымбаттамайды. Бұл жағымды жаңалықты бүгін өткен брифинг барысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупа мәлім етті.

"Көпті, әсіресе, диқандарды мазалайтын сұрақ - дән себер мезгілде жанармайдың бағасы қандай болады деген мәселе. Нарықта қалыптасқан оңтайлы жағдайға орай, мұнайшылардың бензин бағасын қымбаттатуға деген талпыныстарына қарамастан, біз Аи-80 және Аи-92 маркалы бензин бағаларын өзгеріссіз қалдыруға қол жеткіздік. Аи-80 маркалы бензиннің бір литрі 89 теңгеден, Аи-92 маркалы бензин 110 теңгеден сатылады",- деді ол.

Агенттік өкілінің айтқанына сенсек, жанармай бағасы үнемі мемлекетттің бақылауында болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны