27.02.2007, 14:57 4300

Наурыздағы ауа райының болжамы: Алматыда ауа температурасы мен жауын-шашын көлемі нормадан асады

АЛМАТЫ. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматыда 2007 жылдың наурызында ауа температурасы шамадан 2 градусқа жоғары болып, жауын-шашынның орташа айлық көлемі нормадан асады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Осы айдағы ауаның орташа температурасы Цельсий өлшемі бойынша шамадан 2 градусқа жоғары болып, 4 градус жылы болады деп күтілуде",- деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Қазгидромет" РМК бас синоптигі Светлана Аманқұлова.

Маманның мәліметтеріне сүйенсек, наурыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде 2-7 градус суықтан 2-7 градус жылылыққа дейін, күндіз 2-7 градус жылылықтан 10-15 градус жылылық аралығында ауытқиды. Бірінші онкүндіктің аяғында ауа температурасының аздап төмендегені байқалады, ал екінші онкүндікте ауа температурасы көтеріледі: түнде 2-7 градус суықтан 1 градус суықтын - 4 градус жылы, күндіз 2-7 градустан 7-12 градусқа дейін жылы болады. Наурыздың үшінші онкүндігінде сынап бағанасы одан әрі көтеріледі деп күтілуде, онкүндіктің ортасында ауа температурасы төмендейді: түнде 0-5 градус жылыдан 2-7 градусқа дейін суытып, күндіз 10-15 градус жылылықтан 2-7 градусқа дейін төмендейді. Онкүндіктің екінші жартысында синоптиктер түнде ауа температурасы 2-7 градусқа дейін көтеріледі, ал күндіз 15-20 радусқа дейін жылынады деп күтуде.

"Наурыз айында жауын-шашын мен қар жиі жауады деп күтілуде",- деп хабарлады Светлана Аманқұлова. Синоптиктердің болжамы бойынша, жауын-шашын көлемі нормадан 65 мм артық болады.

Наурыздың бірінші және екінші онкүндігінде көк тайғақ болуы ықтимал. Алматыда екінші онкүндік пен үшінші онкүндіктің басында тұман түсуі мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша күшті жел болмайды, дегенмен бірінші онкүндіктің басында секундына 2 - 7 метр жылдамдықпен шығыс желі басым соғады, ал бірінші онкүндіктің аяғы мен екінші және үшінші онкүндіктің ортасында секундына 5-10 метр жылдамдықпен батыс желі соғады деп күтілуде.

Синоптиктердің бақылауына сәйкес, Алматыда наурыз айындағы ең төменгі ауа температурасы 25 градусқа дейін суытуы 1920 жылы тіркелген. Ең жоғарғы температура - 2000 жылы тіркелген, яғни 28 градус жылы болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны