27.04.2018, 18:21 6648

Назарбаев даӊғылын жаӊғырту Жамбыл атындағы кітапханадан басталды

Күрделі жөндеуден өткен кітапханада кітаптармен, электронды ақпаратпен жұмыс істеуге, жаӊа шығармаларды таныстыруға, құжатты және ғылыми- танымдық фильмдерді көруге мүмкіндік беретін заманауи "open space" және тегін "Wi-fi" мен кофейня бар.

Алматыда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы кітапхана жастардыӊ зияткерлік орталығы ретінде қайта жасалып, модернизацияланды.

Күрделі жөндеуден өткен кітапханада кітаптармен, электронды ақпаратпен жұмыс істеуге, жаӊа шығармаларды таныстыруға, құжатты және ғылыми- танымдық фильмдерді көруге мүмкіндік беретін заманауи "open space" және тегін "Wi-fi" мен кофейня бар.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, "Жаӊа гуманитарлық білімніӊ" алғашқы оқулықтарын таныстыруда заманауи ұлт бәсекелестігініӊ басты шарттарыныӊ бірі жас ұрпақтыӊ білімділігі. "Президенттіӊ "Қазақстан-2050 Стратегиясын қолдау" қоғамдық қорыныӊ қаржылық көмегі арқасында білім мекемелерін модернизациялаудыӊ жаӊа тәсілі жүзеге асты. Жобаға қатысқан алматылық жастар классикалық кітапхананы жастардыӊ коворкинг- орталығымен ойдағыдай үндестіре білді", - деп атап өтті мегаполис әкімі Бауыржан Байбек. Жаӊарған интерьермен қоса "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасына сай кітапхананыӊ барлық кітап қоры саналып, электрондық форматқа көшеді. Бұлардан өзге, қайта жаӊғырған Жамбыл атындағы кітапхана жалпы кітап қоры 1,8 миллион дана болатын қаланыӊ бірегей кітапхана жүйесіне енді. Көпшілік оқырман үшін кітапхана биылғы жылдыӊ мамыр айында ашылады.

"Мұнда оқырман қажетті ақпаратты алып қана қоймай, өз пікірімен бөлісіп, оны талқылай алады. Біз кеӊістікті заманауи және жайлы жасауға тырыстық. Мысалы, 550 спот жақсы жарық берумен қатар қолайлы атмосфераны туғызады", - деді жоба кураторы Кәмилла Лұқпанова.

Еске салсақ, қаланы жаӊартудыӊ екінші жылы бойына биылғы жазда бірқатар негізгі даӊғылдар, соныӊ ішінде Назарбаев, Абай, Абылай хан даӊғылдары және басқалары жаӊарады. Бұлардан өзге, бұрыннан жаӊарған 455 аула алаӊдарына қосымша тағы да 585 аула жөнделеді. Мегаполисте 157 көше мен 30 шақырым қала тротуарлары жаӊарады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны