31.10.2016, 14:23 6769

Назарбаев мектептерініӊ оқушылары Оӊтүстік Қазақстан облысы мен Шымкентті зерттеді

Биыл Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебі Талдықорған мен Өскемендік 26 оқушыны қабылдап алды.

Шымкент. 31 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы қазан айыныӊ 22 мен 29 аралығында республиканыӊ бірнеше қалаларындағы президенттік мектептердіӊ оқушылары үлкен саяхатқа шықты, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
Биыл Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебі Талдықорған мен Өскемендік 26 оқушыны қабылдап алды.
Шымкент қонақтары отрядыныӊ күн тәртібі қауырт болды, олардыӊ әр сағат сайын қайда баратыны туралы егжей-тегжейлі кесте жасалды. Түрлі қалалардағы Назарбаев интеллектуалдық мектептерініӊ оқушылары Шымкентке жыл сайын келеді. Биыл Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебі Талдықорған мен Өскемендік 26 оқушыны қабылдап алды. Олар жатын орынмен және қажетті жағдайлардыӊ барлығымен қамтамасыз етілді. Мақсат - қаладағы ескерткіш және тарихи маӊызы бар көрнекті жерлерге бару. Оқушылар ғылыми жұмыстар жазуға қажетті материал жинақтап қайтуға тиіс.

"Келе сала біз Сайрам ауданында, ұлы Қожа Ахмет Яссауи жерленген жерде болдық. Онда біз өз жобамызды қорғауға қажетті көптеген материал жинадық. Біздіӊ саяхатымыздыӊ басты мақсаты - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ ерекшеліктері мен құпияларын зерделеп зерттеу. Шымкенттік Назарбаев интеллектуалдық мектебініӊ оқушылары бізді жақсы қарсы алды. Қаладан да жақсы әсер алдық",- дейді Талдықорғандағы Назарбаев интеллектуалдық мектебініӊ оқушысы Меруерт Икімғали.

"Бұл жоба жастарды көп нәрсеге баулуда. Соныӊ арқасында біз қызғылықты жерлермен танысып, өз білім өрісімізді кеӊейтіп, еліміз туралы білімімізді байыта түсудеміз. Жергілікті Назарбаев интеллектуалдық мектебініӊ оқытушылары мен оқушыларына алғысымызды білдіреміз",- дейді Өскемендік Назарбаев интеллектуалдық мектебініӊ оқушысы Исел Қабдешева.

Сапардыӊ екінші күні оқушылар Республиканыӊ Тәуелсіздік жылдарында бой көтерген нысандарды аралады. Олар Тәуелсіздік саябағына, атақты "Риксос" қонақ үйіне, Наурыз алаӊына барды. Экспедицияға Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебініӊ еӊбек сіӊірген тарих пәні мұғалімі басшылық жасауда.

"Біз сондай-ақ, "Қасірет" ескерткішінде және облыстық мұражайда болдық. Бұдан кейінгі күндерде Ордабасы ауданындағы Отырар қалашығына, Қажымұқан мұражайына Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бардық. Бағыттар тарих пен жаӊа заманды алмастырып отырды. Өӊірдегі ірі кәсіпорындарға да табан тіредік. Балаларға ұнады",- дейді экспедиция жетекішісі Гүлжәмилә Сүлейменова.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны