13.10.2011, 12:03 4811

Назарбаев Университеті мен Агромашхолдингі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Назарбаев Университетінде "Назарбаев Университеті" ДБҰ мен "Агромашхолдинг" АҚ отандық машинақұрастыру кәсіпорыны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өткен.

Астана. 13-қазан. Kazakhstan Today - Назарбаев Университеті мен Агромашхолдингі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Назарбаев Университетінде "Назарбаев Университеті" ДБҰ мен "Агромашхолдинг" АҚ отандық машинақұрастыру кәсіпорыны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өткен. Бұл туралы хабарлайды университеттің баспасөз қызметінен хабарлаған.

"Тараптар білім беру саласында, оның ішінде өндірістік тәжірибеден өтуге университет студенттеріне көмектесу жолымен ынтымақтасуға ниеттеніп отыр. Сондай-ақ, "Агромашхолдинг" АҚ өкілдері жоғары оқу орнына сыйлық ретінде Қостанай кәсіпорнында шығарылған SsangYong Kyron жол талғамайтын көлігінің кілтін тапсырды", - делінген хабарламада.

Оқу орны мен AllurAuto тобы басшылығының ынтымақтастық туралы шешімі білім және ғылыми-зерттеу жетістіктері саласында ұлттық әлеуетті арттыру мақсатында қабылданғаны аталып өтілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны