02.08.2012, 17:37 3589

Назарбаев Университеті Сингапурдің мемлекеттік саясат мектебімен ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы келісім жасады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Сингапур қаласында (Сингапур) "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы мен Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің арасындағы ынтымақтастық туралы ұзақмерзімді келісімге қол қойылды.

Астана. 2-тамыз. Kazakhstan Today - Назарбаев Университеті Сингапурдің мемлекеттік саясат мектебімен ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы келісім жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Сингапур қаласында (Сингапур) "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы мен Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің арасындағы ынтымақтастық туралы ұзақмерзімді келісімге қол қойылды.

Осылайша, "Назарбаев Университеті" және Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің стратегиялық серіктесі саналатын Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі ұзақмерзімді ынтымақтастықты жүзеге асырмақ.

Келісімге "Назарбаев Университетінің" президенті Шигео Катсу, "Назарбаев Университеті" Атқарушы кеңесінің төрағасы Аслан Сәрінжіпов, Сингапур Ұлттық университетінің президенті Тан Чор Чуан, сондай-ақ Ли Куан Ю Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Кишор Махбубани қолдарын қойды.

Келісім "Назарбаев Университеті" Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің академиялық даму, адами ресурстарын, академиялық қызметкерлер құрамы мен инфрақұрылымын дамыту жөніндегі консультациялық әрі білім беру қызметтерін көрсету мәселелерін қамтиды. Қазіргі таңда осы келісімнің шеңберінде 2017 жылға дейінгі бірлескен іс-шаралар жобасы да әзірленген. Сонымен қатар, "Назарбаев Университетінің" Жоғары мемлекеттік саясат мектебі Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебімен ынтымақтастық бойынша 2013 жылы "Мемлекеттік саясат магистрі", ал 2015 жылға қарай "Мемлекеттік басқару магистрі" мамандықтарының академиялық бағдарламаларын іске қосуды жоспарлайды.

Еске сала кетейік, Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі "Назарбаев Университетінің" Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің стратегиялық әріптесі болып табылады. Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің қатысуымен "Назарбаев Университетінде" екінші жыл бойы мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны