26.06.2012, 14:07 2850

"Назарбаев Университетінде" қазақ тіліндегі интернет-мәліметтерді іздеуге арналған модуль жасалуда

"Назарбаев Университетінің" Энергетикалық зерттеулер орталығында көлемі үлкен мәліметтерді өңдеуге қабілетті және интернет-іздеу кезінде қазақ тілінің ерекшеліктерін есепке алатын алгоритм құру жөніндегі жоба жасалуда, деп хабарлады жобаны жасаушы әрі университеттің Компьютерлік ғылым департаментінің ғылыми қызметкері Олжас Махамбетов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 26-маусым. Kazakhstan Today - "Назарбаев Университетінде" қазақ тіліндегі интернет-мәліметтерді іздеуге арналған модуль жасалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Назарбаев Университетінің" Энергетикалық зерттеулер орталығында көлемі үлкен мәліметтерді өңдеуге қабілетті және интернет-іздеу кезінде қазақ тілінің ерекшеліктерін есепке алатын алгоритм құру жөніндегі жоба жасалуда, деп хабарлады жобаны жасаушы әрі университеттің Компьютерлік ғылым департаментінің ғылыми қызметкері Олжас Махамбетов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Назарбаев Университетінің" Энергетикалық зерттеулер орталығында мәтіндер, кескіндер мен бейнежазбалар мұрағаты үлгі ретінде алынатын жаңа әдістер мен үлкен көлемдегі алгоритмдерді жасау мақсатындағы "Интернет-мәліметтерді жинау және өңдеудің жобаланатын кешені" жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деді О.Махамбетов.

Жобаның ерекшелігі сол, ол үлкен көлемдегі интернет-мәліметтерді құрылымдағаннан тыс, алгоритмдер іздеу барысында қазақ тілінің ерекшеліктерін де есепке ала отырып, релевантты мәндер мен қорытындыларды табу арқылы, IT-мамандарға ғана емес, лингвистердің жұмысына да оң ықпал етеді.

"Қазақстанда үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеу алгоритмін құру жөніндегі жұмыс жоққа тән. Интернеттің, оның ішінде оның қазақстандық сегментінің күрт өсуіне орай бұл бағытқа да назар аудару қажет", -дейді ғылыми қызметкер.

Сондай-ақ, жоба жасаушы алгоритм іздеудің машиналық оқыту, ақпараттық іздеу, лингвистика және тб. сияқты басқа да ғылыми бағыттармен байланысты екеніне де тоқталып өтті.

Алгоритм жасау жобасы инженерлік мәселерді шешу және ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған 2 саладан тұрады.

"Инженерлік жұмыстар шеңберінде қазақ тіліне арналған іздеу нәтижелерін ықшамдап отыратын іздеу жүйесіне арналған модуль құрылады, онда тілдік ерекшеліктер: іздеу жүйесіне енгізілетін мәтіннің морфологиялық, синтаксистік және семантикалық маңызы ескерілетін болады", - деп атап өтті жоба жасаушы.

Ғылыми жағы осындай алгоритм құрудың әдіс-тәсілдерін жасаумен, сондай-ақ, ғылыми зертхана мен алгоритм іздеу тақырыбымен тереңдетіп айналысатын ғалымдар командасын құрумен байланысты болады. Аталған жоба аясында сынама мәліметтер бойынша сынақтан табысты өткен 2 алгоритм құрылғанын айта кету қажет.

Олжас Махамбетовтың айтуынша, бұл жоба IT-технология ғана емес, сонымен қатар қазақстандық интернет-сегменттің дамуына да игі ықпал етеді. "Жалпы алғанда, жоба қазақстандық интернет-сегменттің дамуына өз үлесін қосады деп ойлаймын", - деп қорытындылады сөзін ғалым.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны