21.06.2012, 16:31 3022

Назарбаев Университетінде туберкулезді ерте анықтауға арналған биосенсор жасалуда

Назарбаев Университетінде жасалып жатқан оптикалық биосенсор туберкулез ауруын ерте және дәл анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлады университеттің ассистент-профессоры Дамира Қанаева Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Назарбаев Университетінде туберкулезді ерте анықтауға арналған биосенсор жасалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Назарбаев Университетінде жасалып жатқан оптикалық биосенсор туберкулез ауруын ерте және дәл анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлады университеттің ассистент-профессоры Дамира Қанаева Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Назарбаев Университетінің Биосенсорлар және биоаспаптар департаменті биологиялық талдаманың негізінде адам азғасында туберкулез таяқшасының бар-жоғын тез және дәл анықтап беретін оптикалық биосенсор жасау жобасын жүргізуде.

"Жобаның бірегейлігі сол, биосенсор туберкулезді анықтау кезінде сапалық көрсеткішті жақсартуға мүмкіндік береді және оның қорытындысы дәл болады",- деп атап көрсетті Д.Қанаева.

Ғалымның айтуынша, бұл аппараттың ерекшелігі сол, қорытынды зерттеме тез жасалады. Кәдімгі консервативтік диагностикаға бірнеше күн уақыт кетсе, биосенсор 3 сағаттың ішінде нәтиже береді.

Оған қоса, оптометрдің ауруды ерте кезден анықтау мүмкіндігі бар, бұл диагностикада ең маңызды мәселе.

"Оптикалық биосенсордың жұмысы магниттік нанобөлшектерге, кванттық нүктелер мен туберкулезді ерте анықтауға мүмкіндік беретін оптометрлерге негізделген",- дейді Дамира Қанаева.

Сондай-ақ, жаңа аппараттың икемділігі де зор болмақ және оны кез-келген компьютерге қосуға болады.

Ғалымның айтуынша, бұл оптикалық биосенсор денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жоба болып табылады. "Жасалып жатқан биосенсор бізге туберкулезді анықтау деңгейін жақсартуға және еліміздің денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді",- дейді ассистент-профессор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны