27.06.2012, 09:49 3308

"Назарбаев Университетінде" виртуалды оқытушы пайда болады

"Назарбаев Университетінің" Ғылым және технология мектебінде жасанды ақыл-оймен жабдықталған виртуалды тұрғындардың 3D форматындағы виртуалды өмірін моделдеу жөніндегі жоба жасалуда. Жобада, сондай-ақ, университетте виртуалды оқытушылары бар 3D моделін жасау да қарастырылған, деп хабарлайды "Назарбаев Университетінің" компьютерлік ғылымдар кафедрасының профессоры Скотт Овермайер Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 27-маусым. Kazakhstan Today - "Назарбаев Университетінде" виртуалды оқытушы пайда болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Назарбаев Университетінің" Ғылым және технология мектебінде жасанды ақыл-оймен жабдықталған виртуалды тұрғындардың 3D форматындағы виртуалды өмірін моделдеу жөніндегі жоба жасалуда. Жобада, сондай-ақ, университетте виртуалды оқытушылары бар 3D моделін жасау да қарастырылған, деп хабарлайды "Назарбаев Университетінің" компьютерлік ғылымдар кафедрасының профессоры Скотт Овермайер Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Назарбаев Университетінің" компьютерлік ғылымдар кафедрасында біз білім беру мақсатында қолдануға болатын 3D форматындағы виртуалды әлем жасаумен айналысудамыз", - деді Скотт Овермайер.

Жоба, сондай-ақ, университеттің үш деңгейлі көшірмесін жасауды ойластыруда, оның арқасында студенттер өздерінің оқу орындары туралы көбірек біліп қана қоймай, оқу материалын меңгеруде де көмек ала алатын болады.

Компьютерлік ғылымдардың профессорының айтуынша, "Назарбаев Университетінде" бүгінде ұсынылып отырған курстар мен оқу бағдарламаларына үйлестірілген жоба студенттерге көмек көрсетуге бағытталған.

Бұдан басқа, жобаны жасаушылар нақты оқытушылардың жекелеген міндеттерін виртуалды әлемде орындай алатын виртуалды оқытушылар жасап шығарумен шұғылдануды жоспарлауда.

"Осы жоба шеңберінде біз нақты студенттер оларға тапсырмаларды тапсырып, ал оқытушалар оларды тексеріп, пікір айтып және бағалай алатындай деңгейде бағдарламаланатын виртуалды оқытушылар жасап шығарумен айналысқымыз келеді", - деді С.Овермайер.

Сонымен қатар, бағдарламада студенттердің нақты оқу жағдайларын виртуалды әлемде оқып-үйреніп, пайдалануына ықпал ететін 3D-аватары құрылады. Аталған моделдің кейіпкерлері жасанды ақыл-ойға ие үш деңгейлі персонаждар болады.

"Біз аватарлар мен белгілі бір деңгейдегі жасанды ақыл-ойға ие виртуалды кейіпкерлерді жасап шығарамыз. Аталған 3D-адамдар бізбен сөйлеседі, біз олармен әртүрлі жағдайларда сөйлесетін боламыз" , - деп атап өтті компьютерлік ғылымда рдың профессоры.

Жоба жасаушылардың пікірінше, аталған жоба қатысушыларға бейімделген және тәуекелден тыс ортадан шектеулі жағдайда нақты мәселерді шешу дағдыларына ие болуға, сонымен қатар виртуалды әлемде жұмыс істеуге ынталы студенттерді қауымдастық құру үдерісін оқып-үйрену үшін виртуалды нақтылықты моделдеу бойынша жұмыстарға ат салысуға тартады.

Профессор С.Овермайер сөз соңында аталған жобаның басты шарты жағдайды бақылап, моделдеуге берілген ақпарат пен мақсаттарды таңдап алуға ғана байланысты болатындығымен де өте ыңғайлы екендігін және мұндай жобаның Қазақстанда әлі жасалмағандығын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны