23.08.2012, 13:56 2999

"Назарбаев Зияткерлік мектебінде" конкурстық іріктеудің жаңа жүйесі енгізілуде

2012 жылы "Назарбаев Зияткерлік мектебінде" оқушыларды конкурстық іріктеудің жаңа үрдісі қолданылатын сынама тестілеу өткізіледі, деп хабарлады білім беру ұйымы басқарма төрағасының орынбасары Күләш Шамшидинова Pm.kz сайтына.

Астана. 23-тамыз. Kazakhstan Today - , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы "Назарбаев Зияткерлік мектебінде" оқушыларды конкурстық іріктеудің жаңа үрдісі қолданылатын сынама тестілеу өткізіледі, деп хабарлады білім беру ұйымы басқарма төрағасының орынбасары Күләш Шамшидинова Pm.kz сайтына.

"Биыл біз оқушыларды тестілік іріктеудің Cito педагогикалық өлшемдер институтымен, Джон Хопкинс университетінің Дарынды жастар орталығымен және Кембридж университетімен бірлесіп жасалған жаңа жүйесі бойынша сынама тестілеуді жүргіземіз. Ол оқушылардың білім деңгейі мен оны пайдалана білуін, сондай-ақ жаратылыстану-математика бағытындағы бағдарламалар бойынша оқуға қабілеттілігін тексеруге бағытталған", - деді К.Шамшидинова.

Бұрын оқушылардың тек нақты білімдері ғана тексерілетін, енді назар алған білімді пайдалана білу қабілетін анықтауға аударылып отыр деп атап айтты ол.

Бұдан басқа, Кембридж университетімен бірлесіп әзірленген, алған білімді практикада қолдануға бағытталған жаңа білім беру бағдарламалары үстіміздегі жылы сынақтан өткізілетін болады.

Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің біліктілігін көтеру жөніндегі деңгейлік бағдарламаларды әзірлеу де жалғасуда. Екінші деңгей аяқталып, жаттықтырушыларды даярлау басталды. Келесі жылдың қаңтарынан бастап жаттықтырушыларды бірінші деңгей бойынша даярлауды бастау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны