19.02.2016, 09:43 4562

"Нефрит" сөмке толы арқалаған...

"Қорғас" шекаралық бақылау отрядыныӊ шекарашылары осыдан екі күн бұрын ғана 2,5 кг ақық тастарын ҚХР-ға қарай асырмақ болған адамды ұстағандығын хабарлаған едік. Енді міне, 12,5 кг нефрит тасын заӊсыз қытай асырмақ болған тағы бір жерлесіміз ұсталды

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - "Қорғас" шекаралық бақылау отрядыныӊ шекарашылары осыдан екі күн бұрын ғана 2,5 кг ақық тастарын ҚХР-ға қарай асырмақ болған адамды ұстағандығын хабарлаған едік. Енді міне, 12,5 кг нефрит тасын заӊсыз қытай асырмақ болған тағы бір жерлесіміз ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұсталған адам 27 жастағы Қазақстан азаматы. Ол бағалы тастарды қол жүгіне, дәлірек айтқанда рюкзагына салып алып, екі елдіӊ ортасындағы Шекара бойы халықаралық ынтымақтастық орталығына қарай жаяу тартып бара жатқан екен. Рюкзактағы тастыӊ саны 6 кесек, жалпы салмағы 12,5 килограмм болып шықты.

Бұл дерек туралы да әрекеттес органдар хабарланып, ресімдеу үшін Алтынкөл кедендік бақылау бекетіне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз орталығы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны