06.01.2012, 12:30 3573

Неміс пойыздарында ноутбук қолдануға тыйым салынды

Неміс темір жолы компьютерден босаған желілердің тізімін толықтырып, вагон-мейрамханаларда ноутбук пайдалануға тыйым салды.

Берлин. 6-қаңтар. Kazakhstan Today - Неміс пойыздарында ноутбук қолдануға тыйым салынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің BFM.RU. сілтеме жасай отырып хабарлауынша, неміс темір жолы компьютерден босаған желілердің тізімін толықтырып, вагон-мейрамханаларда ноутбук пайдалануға тыйым салды.

Компьютердің үстінен балға салынған суреттерді вагондарға іліп қою арқылы жолаушыларға қатаң талап қойылып отыр. Аталмыш шектеу басқа жолаушылардың тыныштығын бұзбау мақсатында қойылып отыр, дейді Deutsche Bahn өкілдері.

"Басқа да саяхатшылардың жағдайын ескере отырып, пойыз ресторандарында ноутбук пайдалануға тыйым салынды. Онда келген көп адамдарға ноутбуктің шуы, батырманы басқан кездегі тарсылдар ұнамайды", - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны