13.05.2015, 15:58 4173

Непалда кезекті жер сілкінісінен ажал құшқандар саны 65 адамға жетті

"Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, кезекті зілзаладан 65 адам мерт болып, 1926 адам жапа шеккен", - делінген Орталықтыӊ Твиттердегі парақшасында

Астана. 13 Мамыр. Kazakhstan Today - Непалда сейсенбі күнгі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 65 адамға жетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық орталық хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, кезекті зілзаладан 65 адам мерт болып, 1926 адам жапа шеккен", - делінген Орталықтыӊ Твиттердегі парақшасында, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жерасты дүмпулері көршілес Үндістан елінде де сезілді, салдарынан Нью-Дели мен Калькутта қалаларында метрополитендер жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Үндістанныӊ ішкі істер министрлігі табиғи апттан 17 адамныӊ ажал құшқаны туралы ақпарат таратып отыр, соныӊ ішінде 16 азамат - елдіӊ шығысындағы Бихар штатыныӊ тұрғындары екен.

Непалда магнитудасы 7,9-ды құраған жер сілкінісі 25 сәуірде тіркелген болатын. Жойқын зілзаладан кейін тағы 100 шақты жерасты дүмпулері бірінен соӊ бірі тіркелді. Жер сілкінісі 8 мыӊнан астам адамныӊ өмірін қиды, тағы 18 мыӊға жуығы зардап шеккен. Жарты миллионнан астам тұрғын үй, тарихи ескерткіштер жермен-жексен болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны