12.05.2015, 19:06 3963

Непалда тағы жер сілкінді

Үміткер Зұлмат зілзаланыӊ қуаты Рихтер өлшемі бойынша 7,4 балға жеткен. Айтып келмейтін апаттан алдын ала мәліметтерге қарағанда 5 адам қаза тапқан. Марқұмдардыӊ 3-уі Непал, ал екеуі Үндістан тұрғыны екені мәлім болды

Астана. 12 Мамыр. Kazakhstan Today - Үміткер Зұлмат зілзаланыӊ қуаты Рихтер өлшемі бойынша 7,4 балға жеткен. Айтып келмейтін апаттан алдын ала мәліметтерге қарағанда 5 адам қаза тапқан. Марқұмдардыӊ 3-уі Непал, ал екеуі Үндістан тұрғыны екені мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жер асты дүмпуініӊ күшті болғаны соншалық, Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында да сезілген, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Бұл жолғы зілзаланыӊ ошағы Катмандудан 83 шақырым және Эверест шыӊына жақын жерде орналасқаны анықталды.

Естеріӊізде болса, 25-ші сәуірде 7,9 балдық жойқын жер сілкінісінен 8 мыӊнан астам адам қаза тапқан.

Табиғи апат салдарымен жергілікті билікпен қоса, халықаралық ұйымдардыӊ өкілдері күресуде. Баспанасынан айрылған адамдарға шатырлар тігіліп, барынша көмек көрсетіліп жатыр.

Енді Непалда маусым айынан бастап нөсер жаӊбыр маусымы басталады. "Салдарынан астаӊ-кестеӊі шыққан өӊірде санитарлық нормалар сақталмай, түрлі жұқпалы дерттер тарауы мүмкін",- деп дабыл қағуда денсаулық сақтау саласыныӊ мамандары.

Сунита Манандхар, Катмандудағы қонақүй қызметкері

-Үйдегілермен тілдесе алмай отырмын. Байланыс желілері бос емес. Отбасым үшін алаӊдап, жанымды қоярға жер таппай отырмын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны