28.04.2015, 12:00 4346

Непалда жер сілкісінен қаза тапқандар саны 4 мыӊнан асты

Непалда жер сілкісінен қаза тапқандар саны 4310 адамға жетті, 8 мыӊнан астам адам зардап шекті. Бұл туралы елдіӊ сыртқы істер министрлігініӊ баспасөз қызметі мәлім етті

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Непалда жер сілкісінен қаза тапқандар саны 4310 адамға жетті, 8 мыӊнан астам адам зардап шекті. Бұл туралы елдіӊ сыртқы істер министрлігініӊ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні тағы да 5,2 балдық жер сілкінісі болды. Ел тұрғындарыныӊ баспаналары қирап, үш тәуліктен бері далада түнеуге мәжбүр болып отыр. Үйінділердіӊ астында қалғандарды құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Естеріӊізде болса, өткен сенбіде Непалда жергілікті уақыт бойынша 11:56-да күші 7,9 балдық жер сілкінісі болып, елдегі ғимараттар мен тұрғын үйлер тұтастай қирап қалды. Қазір 6,6 миллионнан астам халық баспанасыз қалып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны