27.04.2015, 19:07 4026

Непалда зілзаладан қаза тапқандардыӊ саны 3 мыӊнан асты

Непалда жер сілкінісінен ажал құшқандардыӊ саны артып барады. Соӊғы деректерге сүйенсек, 3 мыӊ 218 адам қаза тапқан, тағы 6 мыӊнан астамы зардап шекті

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Непалда жер сілкінісінен ажал құшқандардыӊ саны артып барады. Соӊғы деректерге сүйенсек, 3 мыӊ 218 адам қаза тапқан, тағы 6 мыӊнан астамы зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен сенбіде Непалда жойқын жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,9 балды құраған жерасты дүмпулерініӊ ошағы ел астанасы Катмандудан 80 шақырым қашықтықта орналасқан, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Зілзала салдарынан 3 мыӊ 218 адам опат болып, тағы 6 мыӊ 538 тұрғын түрлі жарақат алды. Айта кетсек, бұған дейін 2,5 мыӊ адамныӊ көз жұмып, 5,5 мыӊнан астам азаматтыӊ жараланғаны хабарланған еді.

Жерасты дүмпулері тіпті көршілес Үндістан мен астанасы Дели қаласында да сезілген.

Зілзала салдарынан Непалда тұрғын үйлер мен ғимараттар, тіпті тарихи ескерткіштер жермен-жексен болды. Бұған қоса, табиғи апаттыӊ әсерінен Эвересте көшкін жүріп, салдарынан 22 альпинист мерт болды, тағы 217 спортшыныӊ тағдыры беймәлім. Туризм министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Эверест ауданында 1 мыӊға жуық турист қыдырып жүрген, оныӊ 400-ге тартасы шетелдік екен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны