26.12.2011, 10:49 3801

Нигериядағы үш шіркеуде жарылыс болды

Нигерияда осымен үшінші шіркеу жарылған. Бұл үшінші жарылыста құрбан болғандар туралы мәлімет келіп түспеді.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Нигериядағы үш шіркеуде жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің британдық Би-би-си телерадиокорпорациясыне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Нигерияда осымен үшінші шіркеу жарылған. Бұл үшінші жарылыста құрбан болғандар туралы мәлімет келіп түспеді.

Бұдан бұрын Нигерия астанасы Абуджа қаласындағы және Джос қаласындағы екі шіркеуде рождество қызметі кезінде екі жарылыс болып, 27 адам қаза болып, бірсыпыра адам жарақат алған болатын.

Жарылыс үшін жауапкершілікті Нигерияның "Боко Харам" исламдық террористік тобы мойнына алған. Оның мүшелері Нигериядағы зайырлы билікті тақтан тайдыруды және шариғат мемлекетін жариялауды талап етуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны