13.06.2013, 12:50 3530

Николь Шерзингер қатысатын концертке билеттер сатылуда

Астана қаласының кассаларында "Асқақтай бер, Астана!" іс-шарасы аясында Pussycat Dolls тобының ең беделді мүшесі, танымал әнші америкалық әнші Николь Шерзингер қатысатын концертке билеттер сатыла бастады. Бұл жайында astana.kz сайтына Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушы комитеттің медиатобы мәлім етті.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - Николь Шерзингер қатысатын концертке билеттер сатылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана қаласының кассаларында "Асқақтай бер, Астана!" іс-шарасы аясында Pussycat Dolls тобының ең беделді мүшесі, танымал әнші америкалық әнші Николь Шерзингер қатысатын концертке билеттер сатыла бастады. Бұл жайында astana.kz сайтына Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушы комитеттің медиатобы мәлім етті.

Жыл сайын қала күніне орай Қазақстан және шетел жұлдыздарының қатысуымен өтетін бірегей гала-концерті "Асқақтай бер, Астана!" елорданың өзіндік бренді ретінде қалыптасып үлгерді.

Биылғы концерт "Сарыарқа" велотрегінде өтеді. Концертке отандық эстраданың танымал өнерпаздарымен қатар әлемдік жарық жұлдыздар қатынасады деп күтілуде.

Мерекеде Луина, Или Оқапов, Assyl этно-тобы, "Арнау" дуэті, Son Pascal, K-Rim, А-Студио, Дискотека Авария, Потап пен Настя сынды өнер жұлдыздары ең танымал туындыларын Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арнамақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны