16.03.2015, 23:40 3957

Нью-Йорк штатыныӊ соты Қазақстан билігініӊ талап-арызы бойынша алдын ала шешім шығарды

Адвокат құпиялылығы заӊгер мен клиент арасындағы ақпарат алмасуды қорғайтын және оны құпия сақтайтын халықаралық деӊгейде танылған қағида. Бұл қағида құқықтық жүйеде ерекше болып табылады.

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Иділет министрлігі халықаралық төрелік және шетелдік сот талқылауларында Қазақстан Республикасыныӊ мүддесін білдіреді және қорғайды. Осы фукнцияларды атқару аясында Иділет министрлігі халықаралық заӊ компанияларыныӊ қызметтерін пайдаланады. 2015 жылдыӊ қаӊтар айында халықаралық заӊ компанияларымен электрондық хат алмасудағы ақпараттардыӊ кейбір халықаралық вебсайттарда жариялану фактісі анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Иділет министрлігініӊ мәліметінше, ҚР Үкіметініӊ консультанттары заӊмен қорғалатын адвокат құпиялылығына жататын электрондық хат алмасуына заӊсыз қол жеткізуге және қолдануға қатысты Калифорния (Reed Smith LLP заӊ компаниясы) мен Нью-Йорк (Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP заӊ компаниясы) штаттарында сот талап-арызын берді. Қазіргі уақытта осы процестер жалғасуда, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Адвокат құпиялылығы заӊгер мен клиент арасындағы ақпарат алмасуды қорғайтын және оны құпия сақтайтын халықаралық деӊгейде танылған қағида. Бұл қағида құқықтық жүйеде ерекше болып табылады.

"Иділетті құқық жүйесініӊ негізгі элементі - клиенттіӊ құпия түрдегі заӊ кеӊесіне қол жетімдігі. Кез келген тұлға осындай кеӊесті, үшінші тұлғалардыӊ заӊсыз пайдалану қаупінсіз алуға құқылы", -дейді Reed Smith LLP заӊ компаниясыныӊ серіктесі Белинда Пэйсли.

2015 жылы 13 наурызда Нью-Йорк штатыныӊ оӊтүстік аймақтық соты (АҚШ) заӊмен қорғалатын хат алмасуды және Қазақстан Республикасына тиесілі басқа да құжаттарды заӊсыз алған және жариялаған тұлғаларға, сондай-ақ осылармен бірігіп әрекет жасаған тұлғаларға осындай құжаттарды одан әрі қолдануға немесе басқаша таратуға тыйым салатын алдын-ала бұйрық шығарды. Осы бұйрық қылмыстық және азаматтық жауапкершілікті қарастыратын АҚШ федералды заӊдарына сәйкес шығарылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны