03.04.2012, 15:34 3742

Нью-Йоркте бұрынғы егіз мұнараның орнынан тұрғызылған 100 қабат зеңгір үйдің құрылысы аяқталды

Ресми түрде ДСО-1 деп аталатын ғимараттың құрылыс жұмыстары осыдан тура алты жыл бұрын - 2006 жылы сәуірде басталған болатын. 104 қабатты Еркіндік мұнарасы, бұл құрылыс нысанына осындай атау берілген болатын, Жер шарының батыс бөлігіндегі ең биік және әлем бойынша үшінші көк тіреген алып ғимарат болмақ.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Нью-Йоркте 2001 жылы11 қыркүйектегі лаңкестік салдарынан қираған Дүниежүзілік сауда орталығы егіз мұнарасының орнынан тұрғызылған 100 қабатты зеңгір үйдің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ресми түрде ДСО-1 деп аталатын ғимараттың құрылыс жұмыстары осыдан тура алты жыл бұрын - 2006 жылы сәуірде басталған болатын. 104 қабатты Еркіндік мұнарасы, бұл құрылыс нысанына осындай атау берілген болатын, Жер шарының батыс бөлігіндегі ең биік және әлем бойынша үшінші көк тіреген алып ғимарат болмақ.

Агенттік мәліметтері бойынша, ғимараттың биіктігі 1776 фут (541 метр), бұл сан АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясының қабылданған уақытын білдіреді. Құрылысты толықтай аяқтау 2012 жылдың желтоқсанына белгіленген, ашылуы - 2013 жылдың көктемінде.

ДСО-1 құрылысының жалпы құны 3,8 млрд долларды құрайды, яғни құны жағынан ол әлемдегі ең қымбат құрылыс нысаны болып табылады.

Нью-Йорктегі ең биік мұнара атану үшін ДСО-1 үстінен қосымша 1,2 метр көтеру ғана қалды. Сонда ол биіктігі 443 метрді құрайтын атақты "Эмпайр стейт билдингті" басып озады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны