07.09.2016, 12:48 4350

Нодулярлық дерматит емі үшін 2 млн. теӊгеден аса қаржы бөлінді

Айта кетейік, бұған дейін "Нодулярлық дерматит" экзотикалық ауруы ел аумағында тіркелмеген болатын.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда жануарларды нодулярлық дерматиттен емдеу үшін жергілікті бюджеттен 2 330 мыӊ теӊге бөлінді. Аталған қаражат симптомдық ем-дом мен дезинфекция үшін ветеринарлық препараттар алуға бағытталды.

"Республикалық элизотикаға қарсы отряд" РММ мемлекеттік сатып алулары арқылы дезинфекциялық құралдарды сатып алу жолымен Республикалық қор көлемін ұлғайту қарастырылуда.

Атырау облысы территориялық инспекциясыныӊ хабарлауынша, Құрманғазы ауданындағы 16 елдімекенде нодулярлық дерматитпен 4 920 бас ірі қара мал ауырып, 695-і қырылды. Симптомдық емнен кейін оныӊ 2 086-і ауыруынан жазылып кетті.

Исатай ауданында - 870 бас ірі қара мал ауырса, оныӊ 636-і жазылды.

Атырау қаласыныӊ ауылдық округтерінде 149 бас ірі қара мал ауырып, 8-і қырылып, 167-ы жазылды.

Айта кетейік, бұған дейін "Нодулярлық дерматит" экзотикалық ауруы ел аумағында тіркелмеген болатын.

Ауру ошақтарында профилактикалық іс-шаралар қолға алынып, дертті мал оқшауланды. Қазіргі таӊда ол аумақтарда симптомдық ем-дом және дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

"Республикалық элизотикаға қарсы отряд" РММ күшімен дезинфекциялық жұмыс қарқын алды.

Сонымен қатар, Атырау облысыныӊ территориялық инспекциясыныӊ а.ж. 2 қыркүйектегі хабарламасына сәйкес Махамбет ауданыныӊ 5 ауылдық округінде нодулярлық дерматитпен 10 бас ірі қара мал ауырып, 6-ы қырылып, 4-не симптомдық ем жүргізілуде.

А.ж. 27 шілдедегі Атырау облысыныӊ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы орынбасары ұсынымыныӊ негізінде облыс әкімімен карантин енгізілді.

Анықтама:

Нодулярлық дерматит Ресей Федерациясы аумағында тіркелген (Астрахань облысы, Ставрополь аймағы, 2016 жылдыӊ мамырында Краснодар аймағы, Қалмақия, Ингушетия, Дағыстан).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны