20.03.2012, 13:05 3658

Норвегияда қар көшкінінен бес адам қаза тапты

Норвегияның солтүстігінде бір топ шетел турист қар көшкінінің астында қалды, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Норвегияда қар көшкінінен бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Норвегияның солтүстігінде бір топ шетел турист қар көшкінінің астында қалды, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Шаңғы тебуге шыққан 12 адамның алтауын қар басты. Олардың бесеуі Швейцария, қалған біреуі Франция азаматы. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар шаңғышылардың біреуін құтқарып алды. Ол тік ұшақпен Тромсе қаласының ауруханасына жеткізілді. Қалған бес адам қаза тапты.

Бұл таулы аймақ шаңғымен сырғанауды ұнататын туристтердің ең көп жиналатын жері. Соңғы кезде ауа-райының жылуы қар көшкінінің жүруіне себеп болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны