02.05.2012, 13:12 3478

Норвегияның үздік спортшысы қайтыс болды

Норвегияның жүзу Федерациясына сілтеме жасай отырып, Ассошиейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, спортшы американың Флагстафф қаласында биік тауда жаттығу жасап жүрген екен. Кешкі жаттығу кезінде спортшының серіктестері ол душ қабылдауға кеткеннен кейін ұзақ уақытқа жоғалып кеткенін байқаған. Жуынатын бөлмеге кірген олар Дале Оенді есінен танып жатқан жерінен тауып алған. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, спортшы жүрек талмасынан қаза тапқан.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - АҚШ-та 2011 жылдың жүзуден әлем чемпионы норвегиялық Александр Дале Оен қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Норвегияның жүзу Федерациясына сілтеме жасай отырып, Ассошиейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, спортшы американың Флагстафф қаласында биік тауда жаттығу жасап жүрген екен. Кешкі жаттығу кезінде спортшының серіктестері ол душ қабылдауға кеткеннен кейін ұзақ уақытқа жоғалып кеткенін байқаған. Жуынатын бөлмеге кірген олар Дале Оенді есінен танып жатқан жерінен тауып алған. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, спортшы жүрек талмасынан қаза тапқан.

Александр Дале Оен 100 метрлік қашықтыққа брас үлгісінде жүзетін. 2008 және 2010 жылдары ол Еуропа чемпионаттарында үздік атанған. 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиадада ол ,,күміс,, медалін жеңіп алып, 2011 жылы Шанхайда әлем біріншілігінде алтыннан алқа тақты. Өткен жылы Оен өз елінің ұздік спортшысы деп танылған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны