11.04.2013, 14:20 2940

Норвеждік жасөспірім балалар полицияға тауып алған 62 мың еуроны өткізді

Екі бала полицияға поездан тауып алған ақша салынған сөмкені өткізді, деп хабарлады бейсенбіде жергілікті БАҚ.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Норвеждік жасөспірім балалар полицияға тауып алған 62 мың еуроны өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Екі бала полицияға поездан тауып алған ақша салынған сөмкені өткізді, деп хабарлады бейсенбіде жергілікті БАҚ.

Ослодан елдің оңтүстік-шығысына қарай жүрген поездың ішінде қалып қойған сөмкеде 62 мың еуро болған.

"Сөмкені ашқанда, онда ақшаның салынғандығын көрдім. Бірінші ойым полицияға хабар беру болды", деді 16 жастағы бала.

Сөмкеден ақшасын ұмытып кеткен адамның төлқұжаты да табылған, полиция оның затының табылғандығы туралы оған хабарлады.

Балаларға қандай да бір сыйақының берілгендігі туралы белгіссіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны