Система Orphus

"Nur Otan" - айқын бастамалар партиясы

30.12.2020 57484
Талдықорған. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Владимир Қауысбеков, Серік Джансеңгіров, Алишер Манликов, Жұмахан Молдакулов, Абдурасул Муллахунов "Қазпошта" АҚ ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 
 
Халық қалаулылары "Дала мен қаланы жақындатып отырған пошта қызметіне деген сұраныс күн санап артуда. Бүгінгі күнімізді поштасыз елестету мүмкін емес десек артық айтқандық болмас. Жердің шалғайлығына қарамастан ең қажетті дүниелерді жеткізуші жалғыз компания "Қазпошта" екені белгілі. Сол себепті де тұрғындардың басым көпшілігі осы орталықтың қызметіне жүгінеді. Халықпен тығыз қарым-қатынас орнатылған бұл жердің қоғамға тигізер пайдасы зор. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып, ақпарат тарату, сәлемдеме жеткізу, хат-хабар тасымалдау секілді түрлі қызмет түрлерін ұсынатын, халыққа заман талабына сай қызмет көрсетуді басты назарға алатын өздеріңізбен жүздескенімізге қуаныштымыз"-деді. Шара соңында қатысушылар сұрақ-жауап алмасып, ұсыныстарымен бөлісті. 
 

Nur Otan" партиясы азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, жайлы әрі сапалы дүниеге қол жеткізуін қолдайды. Жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй - коммуналдық саласын жаңғыртуға, қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Құтты мекен", "Ауыл - ел бесігі" жобаларын іске асыруға жәрдемдесетін болады. Автомобиль жолдарына кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстарын жүргізу, қала көшелерінің 15 қиылысында жаңа үлгідегі 55 автобус аялдамасын, 60 бағдаршамды орнату және ауыстыру, жаңа қалааралық автобекеттің құрылысын жүргізу, жыл сайын кемінде 20 автобус сатып алу арқылы автобус паркін жаңарту, қоғамдық көлікте қалаішілік жолаушылар тасымалдарын электрондық билеттеу жүйесіне толық көшіру, автокөлік тұрағын басқарудың цифрлық жүйесін, мобильді қосымша құру сынды жұмыстар жүргізілетін болады.

 
Nur Otan Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихаты Сайлау қорының қаражатынан төленді. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны