07.12.2012, 16:01 3158

"Нұр Отан" ХДП Алматы қалалық филиалының ХІІ есеп беру - сайлау конференциясы өтті

Конференцияны ашқан қала басшысы 2012 жылы партия филиалының айтарлықтай өскенін айтты. Қазіргі кезде 73?942 партия мүшелерін біріктіріп отырған 739 бастауыш ұйымы жұмыс істеуде.

Алматы. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" ХДП Алматы қалалық филиалының ХІІ есеп беру - сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Конференцияны ашқан қала басшысы 2012 жылы партия филиалының айтарлықтай өскенін айтты. Қазіргі кезде 73?942 партия мүшелерін біріктіріп отырған 739 бастауыш ұйымы жұмыс істеуде.

Есепті кезеңде атқарылған жұмыстарды қорытындылай келіп әкім Алматы филиалының барлық күш- жігері халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған Президент қойған міндеттерді жүзеге асыруға жұмылдырылғанын атап өтті.

Бүгінгі Алматы - жедел қарқынмен өсіп келе жатқан мегаполис. Экономиканың барлық салаларында (өнеркәсіп, транспорт, байланыс, құрылыс, сауда, қызмет көрсету) алға жылжушылық байқалады. Алматы еліміздің жалпы ішкі өнімінің 18%-ын береді. Осы жылдың аяғына дейін мемлекеттік бюджетке 1100 млрд. теңге құйылмақ. Бұл - республика қазынасына түсетін барлық түсімнің тең жартысы. Алматылықтардың жалақысы да өсіп, 129 мың теңгеге жетті.

Дегенмен, әкім әлемдік нарықтағы қаржы тұрақсыздығын да назардан тыс қалдырмады. Ахметжан Есімов дағдарыс кезінде Алматыда дағдарысқа қарсы бағдарламаның жасалғандығын, нәтижесінде қалада 64 мыңнан астам жұмыс орнының ашылып, жұмыссыздықтың 0,3%-ға төмендегінін айтты. Бұл - соңғы 18 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

Икім осының барлығы партия жетекшісі Н. Назарбаевтың салиқалы басшылығы арқасында болғандығын да атап өтті.Қоғамның партияға деген сенімі арта түсуде. Алайда, оның қатарына кездейсоқ жандардың өтіп кетуінен сақ болған жөн. Қала басшысы партия мүшелеріне жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, қалалықтардың өтініш- арыздарына нақтылы жауап беру керектігін де қадап тұрып айтты.

Ахметжан Есімов құқық қорғау органдарындағы парақорлықпен күреске де аса мән берді. Алматының Алатау ауданында ХҚКО-ы ашылып, жол полициясы атқаратын жұмыстардың барлығы сол жерде жүзеге асатын болады. Алматыда видеокамерлардың фиксациясы бойынша жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтау да қолға алынды. 107 орынға фиксация орнату жоспарланған.

"Мегаполис жолдарындағы қозғалысты реттеу, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында біз өте сапалы жұмыс істейтін видеофиксациялық камераларды орнатудамыз. Жаңа жүйе адамдық факторды мүлдем болдырмайды. Алғашқы 25 пост тестілік кесте бойынша жұмыс істеуде. Бір жарым ай ішінде камералар жалпы құны 720 млн. теңге болатын 69,5 мың жол ережесін бұзушыларды анықтады. Ал Жол полициясы басқармасы болса өткен жылы небәрі 228 млн. теңге жинады",- деп атап өтті әкім.

Ахметжан Есімов қалалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды күшейту керектігін атады. Барлық қылмыстың тең жартысын Алматыға Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келгендер жасауда. Қала басшылығы жүргізген тексеру барысында 6 мың үйдің жалға берілгендігі, олардың салық органдарында тіркелмегендігі анықталды. Мигарциялық заңдылықты бұзған 11?200 азамат ұсталды.

Қала басшылығы экологияға да кеңінен тоқталды. Ол 1 желтоқсанда қалада үш айдың қары жауғандығын жеткізді.

" Алматыда үш жыл ішінде 29600 ескі ағаш жойылды. Жалпы қала бойынша 1 миллион 370 мың ағаш бар. Таяуда қалың қар жауғаны белгілі. Егер біз ескі ағаштарды дер кезінде жоймағанда келетін зардап та үлкен болар еді",- деді әкім.

Ахметжан Есімов соңғы жылдары 60 мыңнан астам ағаш отырғызылғандығын айтты.

"Казгидромет" мамандарының мәліметі бойынша Алматыда ауаның залалдану индексі төмендеген. Бұл ретте қаладағы жеке сектор газға көшірілген. Автотранспорт та экологиялық отынға көшірілуде. Газбен жұмыс істейтін жаңа 200 автобус жолаушы тасымалдауда. Болашақта муниципалды таксопарк,ЖРТ құрылатын болады.

Метро- экологиялық таза транспорт. Ол іске қосылғалы бері 6 млн. астам жолаушы тасымалдады. Болашақта оның екі станциясы салынатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны