15.05.2009, 19:17 2903

"Нұр Отан" ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің шешімімен партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

"Нұр Отан" ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің шешімімен партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің шешімімен бүгін партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Калетаевтың айтуынша, партияның саяси кеңесінің жаңа құрамын бекіту "ең алдымен бірқатар өңірлік филиалдардың басшылығы құрамында болған өзгерістерге байланысты. Сонымен бірге партияның саяси кеңесінің мүшелерінен алыс шетелге оқуға кеткендер де бар", - деді Д. Калетаев.

Оның айтуынша, "Нұр Отан" ХДП саяси кеңесінің құрамына жаңадан енгізілгендердің арасында Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов, президент әкімшілігі аппаратының жетекшісі Аслан Мусин, ҚР парламенті мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджанов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова бар.

"Нұр Отан" ХДП саяси кеңесінің бюро құрамына да өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, одан Иділбек Жақсыбеков, Сергей Дьяченко, Тайыр Мансұров пен Алина Хаматдинова шығарылып, "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Калетаев, президент әкімшілігі аппаратының жетекшісі Аслан Мусин, ҚР парламенті мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджанов пен Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны