15.05.2009, 15:54 2803

"Нұр Отан" ХДП -ның 2020 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы әзірленуі тиіс - президент

"Нұр Отан" ХДП -ның 2020 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы әзірленуі тиіс - президент

Астаан. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -"Нұр Отан" ХДП -ның 2020 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы әзірленуі тиіс. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Ең алдымен партияның 2020 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы әзірленуі тиіс. Бұл жүйелі әрі мақсатты құжат болуы шарт. Онда дағдарыстағы жаңғыру жұмыстарының негізгі бағыттары да айқындалуы тиіс. Сондай-ақ осы партияның жаңа бағдарламасы барлық деңгейдегі атқарушы биліктің салалық бағдарлама жасауына негіз болуы шарт",- деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының рөлі мен беделін арттыру мақсатында партиялық органның жұмысын жүйелі өзгертуді ұсынды. Бұл бағытта партияның орталық аппараты мен жергілікті жұмысы да өзгеріске түсетін болады.

Сонымен бірге партия мемлекеттегі зияткерлік күшті толық біріктіруі тиіс. Партияның орталық аппараты ойлау мен зерделеу орталығына айналып, олар президентке, үкімет пен парламентке тың идеялар ұсынушы органның рөлін атқаруы қажет", - деді Н. Назарбаев.

Осыған орай мемлекет басшысы партия жанынан Инновациялық идеялар комитетін құруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны