09.01.2009, 15:42 3284

"Нұр Отан" ХДП жанында Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған қаржының жұмсалуын бақылау комиссиясыі құрылды

"Нұр Отан" ХДП жанында Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған қаржының жұмсалуын бақылау комиссиясы құрылды

Астана. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" ХДП жанында Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған қаржының жұмсалуын бақылау комиссиясы құрылды. Бұл туралы бүгін Астанада "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдастырушылық отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында құрылған партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рақымбеков еліміздің экономикалық және қаржылық жүйесінің тұрақтылығына бағытталған мемлекеттік көмектің бөлінуі мен пайдаланылуын бақылайтын партиялық комиссия құрылғанын мәлім етті.

Партиялық комиссияның төрайымы болып мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны