12.05.2010, 09:58 1994

"Нұр Отан" ХДП Жоғары партиялық мектебі құрылды

"Нұр Отан" ХДП Жоғары партиялық мектебі құрылды

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан Республикасының президенті, "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Партиялық-саяси жұмысты жетілдіру мақсатында Жоғары партиялық мектебі құрылды. Онда партияның орталық және өңірлік органдарындағы партия жетекшілері оқитын болады.

Отырыста сондай-ақ, президенттің "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына жолдауында берілген міндеттер мен "Нұр Отан" ХДП кезектен тыс XII съезінің шешімдерін жүзеге асыру барысы қаралды.

Отырысты ашқан соң, Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық және өңірлік органдары тұрғындардың арасында еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының бағдарламасын іске асырудың негізі болып табылатын Жолдауды түсіндіру жөнінде үлкен жұмыстар атқарғанын атап өтті. Бұрындары Қазақстанда мұндай ауқымды міндеттер шешімін таппаған еді. Осыған байланысты партия оларды тұрақты түрде іске асыратын саяси күшке айналуы қажет. Осы ретте бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген қаражатты пайдалануды ерекше бақылауға алу керек.

Бюро отырысында "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, партияның хатшылары Сергей Громов пен Ерлан Қарин, парламент депутаттары - сенатор Анатолий Башмаков пен мәжілісмен Ромин Мадинов сөз сөйледі.

Партия бүгінде үкіметпен және "Нұр Отан" ХДП парламенттегі фракциясымен бірлесіп қарқынды жүзеге асырыла бастаған нақты іс-әрекеттер жоспарын қабылдағаны атап өтілді. Бұл жұмысқа бастауыш партия ұйымынан бастап, партияның барлық құрылымдары жұмылдырылды. Исіресе, партияның өңірлердегі жұмысына баса назар аударылып отыр.

Сондай-ақ, партия мемлекеттік органдармен бірге мемлекет басшысының жолдауын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын және "Нұр Отан" ХДП Халықтық тұғырнамасын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестірді.

Таяу уақытта "Нұр Отан" партиясы мемлекеттік және жалға берілетін пәтерлерді бөлу, білім беруді дамыту бағдарламасының жобасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешені, сондай-ақ энергиямен қамту және энергия тиімділігі тәрізді мәселелерді кең көлемде талқылауға шығаруды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны