04.07.2007, 15:02 2883

"Нұр Отан" партиясы өзінің істерімен басқа партиялардан артықшылығын дәлелдеуде - президент

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. "Нұр Отан" партиясы өзінің істерімен басқа партиялардан артықшылығын дәлелдеуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл партияның әрекетті партия екенін, әрекетке қабілеттілігі, экономикалық және саяси реформалар бағдарын қолдайтын партия екені белгілі. Ең бастысы - партия көпұлтты Қазақстандағы тұрықтылық пен достықты қолдайды. Осындай артықшылықтары бар, ал бүгін ұсынылған бағдарлама біз бағындыруға тиіс жаңаша шыңдарға бағдар береді", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Ол "Нұр Отан" партиясының өзі ұсынған экономиканы жаңалау, халықтық әл-ауқатын арттару бағдарын қолдау үшін 1998-жылы, президент сайлауы қарсаңында құрылғанын еске салды. "Осы сәттен бері "Нұр Отан" партиясы бірнеше сайлауға қатысты. Бұл сайлаулардың бәрінде де партия абсолютті басым дауысқа ие болды. Сол себепті оның артықшылықтары белгілі", - деді Н.Назарбаев.

"Бұл артықшылықтарды бәрі көріп-біліп отыр деп ойлаймын. Бұл жерде мәселе бір партияны жерк-көкке сыйғызбай мақтауда тұрған жоқ, бұл сатыдан біз өттік, ең бастысы партия өзінің үлкенді-кішілі істерімен халықтың мүддесі үшін, халықтың мұң-мұқтажына қызмет ететінін дәлелдегенінде", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны