12.06.2015, 15:36 4476

"Нұр Отан" партиясы Ұлт жоспарын іске асыру бойынша 50 ұсыныс дайындады

"Нұр Отан" партиясы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс дайындады. Бұл туралы "Sarap Time" сарапшылар клубыныӊ екінші отырысы барысында "Нұр Отан" партиясыныӊ Қоғамдық саясат институтыныӊ директоры Саясат Нұрбек хабарлады

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс дайындады. Бұл туралы "Sarap Time" сарапшылар клубыныӊ екінші отырысы барысында "Нұр Отан" партиясыныӊ Қоғамдық саясат институтыныӊ директоры Саясат Нұрбек хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мемлекет басшысы, "Нұр Отан" партиясы Төрағасы Н.И.Назарбаевтыӊ партияныӊ XVI Съезінде жария еткен 5 институтционалдық реформасы шеӊберінде, партия Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс дайындады", - деп хабарлады "Нұр Отан" партиясыныӊ Қоғамдық саясат институтыныӊ директоры Саясат Нұрбек.

Қоғамдастықтыӊ белсенді қатысуымен ғана Жоспарды табысты іске асыру мүмкіндігі бар. Бес институтционалдық реформаныӊ әр қайсысы бойынша партия бірқатар заӊнамалық актілерге бастамашы болмақшы.

"Барлығына арналған бүгінгі мемлекет" реформасын іске асыру шеӊберінде жастардыӊ мемлекеттік және өкілетті билік органдарыныӊ қызметіне қатысуын кеӊейту, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала жұмыскерлерініӊ нәтижелі жұмысы үшін моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін қарастыратын заӊнамалық актілерді қабылдау, мемлекеттік қызметкерлердіӊ табыстары мен мүліктерін жариялау мәселелерін реттеу бойынша ұсыныстар айтылды.

Екінші реформа "Заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз ету" бойынша азаматтық қоғам институттарыныӊ жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған іс-шараларға қатысуы үшін ұсыныстар дайындалды.

"Тұрақты экономика" бағыты бойынша жаӊа Кәсіпкерлік кодексін қабылдау жолымен мемлекеттіӊ кәсіпкерлік қызметке қатысуын заӊнамалық түрде қысқарту, 2020 жылға қарай бизнестіӊ операциялық шығынын азайтуды қамтамасыз ету, 2015 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін тарату үдерісін жеӊілдету, көлеӊкелі экономиканыӊ деӊгейін төмендету бойынша шаралар қабылдау және басқа да ұсыныстар айтылды.

Сонымен бірге, Қазақстанныӊ ЖМИ рейтингіндегі және түрлі көрсеткіштер ("Идеп пен жемқорлық", "Бизнес жүргізудіӊ жеӊілдігі", "Мемлекеттік қаржыны заӊсыз пайдалану", "Бейресми төлемдер мен пара") бойынша позициясын жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Жүйелі негізде өзара қарым-қатынас пен қоғамдық-саяси даму мен басқа да ("Болашағы бір ұлт" бағыты бойынша) түрлі тақырыптағы партияныӊ сұхбаттасу алаӊыныӊ әлеуетін пайдалануды кеӊейту күшейтіледі.

Бесінші реформа "Транспарентті және есепті мемлекет" шеӊберінде заӊдарды қабылдау бойынша бірнеше ұсыныстар айтылды. Онда ескерту тәртібі мен өзін-өзі реттеуге көшу жолымен рұқсат етудіӊ санын 50% қысқарту қарастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру, оныӊ ішінде сатып алу, келісім сомасы туралы ақпараттар үдерісініӊ ашықтығы мен жариялылығы, "Ақпаратқа қолжетімділік туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Қоғамдық бақылау туралы" заӊдарға байланысты да ұсыныстар сөз болды.

Бүгін Астанада "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық саясат институтыныӊ әріптестігімен "SarapTime" сарапшылар клубыныӊ "Ұлт Жоспары - "Мемлекет құрылысыныӊ әрі қарай дамуыныӊ 100 нақты қадамын іске асырудыӊ қоғамдық механизмдері" деген тақырыптағы екінші отырысыныӊ өткенін еске саламыз.

"SarapTime" сарапшылар тобыныӊ отырысына "Нұр Отан" партиясыныӊ Қоғамдық саясат институтыныӊ директоры Саясат Нұрбек, "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығыныӊ директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев, "Абай-ақпарат" Қоғамдық Қорыныӊ вице-президенті Айдос Сарым, Макроэкономикалық зерттеулер орталығыныӊ директоры Олжас Құдайбергенов, "Стратегия" Қоғамдық Қорыныӊ президенті Гүлмира Елеуова, саясат ғылымдарыныӊ кандидаты, саясаттанушы Ерлан Саиров және басқалар қатысты. Қазақстан Азаматтық Альянсыныӊ төрағасы Нұрлан Ерімбетов өткізілген іс-шараныӊ модераторы болды.

Бүгін "Sarap Time" отырысыныӊ барысында Ұлт жоспарын өмірде іске асыру бойынша бес реформаныӊ әр қайсысын қамтитын "Нұр Отан" партиясыныӊ 50 ұсынысы таныстырылды.

"Sarap Time" сарапшылар клубы - саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тақырыптар бойынша өзекті проблемаларды сарапшылардыӊ талқылауы және кәсіби шешімдер мен ұсыныстарды әзірлеу үшін үнемі әрекет ететін пікір алмасу алаӊы.

Клуб қазақстандық қоғамныӊ барлық топтарыныӊ арасындағы сындарлы диалогты жақтайды. Клуб "Медиялық технологиялар орталығы" бастамасы бойынша, "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық саясат институтыныӊ қолдауымен құрылды. Жоба жетекшісі - Артур Нығметов, Медиялық технологиялар орталығыныӊ директоры.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны