01.03.2007, 17:49 3213

"Нұр Отан" партиясының аймақтық бөлімдерінің басшылары мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй бөлу жөніндегі комиссияның құрамына кіреді

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. "Нұр Отан" партиясының аймақтық бөлімдерінің басшылары мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй бөлу жөніндегі комиссияның құрамына кіреді. Бұл туралы бүгін партияның саяси бюро отырысынан кейін өткен брифингте партия төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мемлекет басшысы халыққа жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмыстарына назар аудара отырып, "Нұр Отан" партиясына әлеуметтік тұрғын үйлердің бөлінуіне, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының орындалуына қоғамдық бақылау қоюмен нақты айналысуды тапсырды",- деп еске сала кетті Б. Жұмағұлов.

"Біз өзіміздің белсенділерімізді - қалалық, аудандық бөлімдердің басшыларын әлеуметтік тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі комиссия құрамына қосуға тиіспіз. Біз іс барысын тек осылай ғана қалт жібермей қадағалай аламыз",- деп атап көрсетті ол.

Сонымен қатар Б. Жұмағұлов, "партия прокуратура мен құқық қорғау органдарын алмастырмайды", деп атап өтті. "Бұл деректердің барлығы да анықталған және олар аз да емес, дегенмен осы деректер бойынша біз қандай партиялық әсер ету тетіктерін қолданамыз дегенді ойластыруымыз қажет",- деді ол.

"Біз шындыққа қол жеткізуге тиіспіз, және де, егер заң бұзушылықтар тікелей әкімдер мен тұрғын үй комиссиясының төрағаларына байланысты болса, онда бұл тұлғаларды қызметінен босату туралы мәселені жоғарыда тұрған әкімдердің, президент әкімшілігінің және де мемлекет басшысының алдына қоямыз",- деп атап көрсетті Бақытжан Жұмағұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны