04.07.2007, 15:30 2993

"Нұр Отан" партиясының бағдарламасы азаматтар үшін бекем әлеуметтік кепілдіктер беретін ауқатты ел құруды қарастырады - Назарбаев

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының бағдарламасы әрбір азамат үшін бекем әлеуметтік кепілдіктер беретін экономикасы ауқатты ел құруды қарастырады.

"Біз әрбір азамат үшін бекем әлеуметтік кепілдіктер беретін экономикасы ауқатты ел құру бағытынан ауытқымайтындығымызды мәлімдейміз", - деді "Нұр Отан" партиясының жетекшісі, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев партияның кезектен тыс сьезінде сөйлеген сөзінде.

Атап айтсақ, президенттің пікірінше, жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнімді 13 мың АҚШ долларына жеткізу көзделген. "Осының негізінде халықтың айлық орташа кірісінің кем дегенге екі есе өсімін қамтамасыз ету, орташа зейнетақы мөлшерін 2,5 есе өсіру, дәрігерлер, мұғалымдер мен басқа да бюджеттік сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын екі еседен кем емес арттыру, баланың бір жасқа дейінгі бағым-күтіміне арналған жәрдемақы мөлшерін 2,5 еседен астам көбейту, 200-ден аса балабақша, 250 мектеп, 50 кәсіптік-техникалық білім ошағын, 150 көп бағытты ауруханалар мен емханалар салу, 50 млн шаршы метрден кем түспейтін баспананы пайдалануға беру, сол арқылы 2,5 млн азаматты тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау көзделген ", - деді президент.

Сонымен бірге, жыл сайын 100 мыңнан кем емес жұмыс орындары құрылып, мүгедектерді сауықтырудың халықаралық стандарттарға сай аймақтық орталықтары ашылып, еліміздегі ауылдар мен кенттер таза сумен, байланыспен және жақсы жолдармен қамтамасыз етіледі. "Экономиканың өсімін әрбір қазақстандық сезінуге тиіс және біз оған қол жеткіземіз", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны