04.07.2018, 14:33 1679

"Нұр Илем" сферасын 32 мыӊнан астам оқушы мен шамамен 6 мыӊ студент келіп көрген

Жақында,жасалған Меморандум аясында "Болашақ энергиясы" мұражайын Жамбыл облысыныӊ оқушылары тамашалады. Ұлттық компания және мұғалімдермен "Халқымныӊ ұлттық дәстүрлері" тақырыбында және әр қабатта өткізілген шағын экскурсия түрінде ағылшын тілінен ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ,облыс әкімдіктері мен ҚР "Атамекен" ӨКП арасында үшжақты ынтымақтастық туралы жасалған Меморандум шарттары сәтті іске асырылуда.

Естеріӊізге сала кетейік, құжат Қазақстан өӊірлерініӊ оқушылары мен студенттері үшін Халықаралық мамандандырылған көрмесі мұрасы нысандарына мәдени-білім беру турларын ұйымдастыруды қамтиды.

Осылайша, ағымдағы жылдыӊ басынан бастап "Нұр Илем" сферасын 32 мыӊнан астам оқушы мен шамамен 6 мыӊ студент келіп көрген.

Бастапқыда жоба физика, биологияжәне басқа да көптеген пәндер бойынша елордалық гимназияларға ашық сабақ өткізуді көздеген болатын. Осылайша, алғашқы сабақтан бастап-ақ балалардыӊ жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығы арта түсті. Өйткені, теорияны қарапайым баяндағаннан гөрі, материалды интерактивті түрде жеткізген баланыӊ есінде тез сақталып, тез бекітіледі. Енді, "Нұр Илем" сферасында ашық сабақтарды Астана қаласы ғана емес, сондай-ақ, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыс мектептері өткізе алады.

Жақында,жасалған Меморандум аясында "Болашақ энергиясы" мұражайын Жамбыл облысыныӊ оқушылары тамашалады. Ұлттық компания және мұғалімдермен "Халқымныӊ ұлттық дәстүрлері" тақырыбында және әр қабатта өткізілген шағын экскурсия түрінде ағылшын тілінен ашық сабақтар ұйымдастырылды.

"Жоба аясында Отанымыздыӊ салт-дәстүрлеріне арналған инсталляциялары бар зал үлкен әсер қалдырды. Оқушыларды қызықтырғаны интерактивті ашық сабақ. Балалар алған әсерлерін түрлі түсті қарандаш пен фломастерлердіӊ көмегімен қағаз бетіне түсірді,"- деп Жамбыл облыстық мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығыныӊәлеуметтік-мәдени бағдарламалар бөлімініӊ меӊгерушісі Ольга Сагандыкова атап өтті.

Жас суретшілер Сфераныӊ әр қабатында суреттеме орындап, соӊында бірінші қабатта тосыннан ұйымдастырылған көрмеде балалардыӊ қылқаламынан шыққан шығармаларымен барлық келушілер таныса алды.

"НұрИлем" сферасы 8 қабаттан тұрады. Ир деӊгейінде энергия түрлерініӊ жарқын элементтері мен экспозициялары ұсынылған. Мысалы, екінші қабатта балалар су энергиясын өндіру тәсілдерімен, ал жетінші қабатында ғарыш энергиясымен таныса алады. Бірінші қабатта ұлттық павильон орналасқан, онда әр түрлі ландшафтар, Қазақстанныӊ мәдениеті мен тарихы ұсынылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны