16.02.2007, 18:37 3142

"Нұрбанкке" жасалған шабуылды ұйымдастырушылар өздерінің алаяқтық әрекеттерін бірден еліміздегі бірнеше банк арқылы жүзеге асыруға талпынды - газет

АЛМАТЫ. 16-ақпан. Kazakhstan Today. "Караван" апталығының ақпаратына сәйкес, "Нұрбанкке" жасалған шабуылды ұйымдастырушылар өздерінің алаяқтық әрекеттерін бірден еліміздегі бірнеше банк арқылы жүзеге асыруға талпынған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Осы жылдың 31-қаңтарында "Нұрбанкке" жасалған шабуылды ұйымдастырушы алаяқтық топқа қатысты іс бойынша тергеу барысында оқиғаның жаңа егжей-тегжейлері анықталуда. Топ өзінің қитұрқылық әрекеттерін бірден еліміздің бірнеше банкі арқылы жүзеге асыруға талпынған",- деп жазады апталық.

"Мәселен, Монғолияда туған Атретхан Нияз есімді азамат жалған құжаттармен Қазкоммерцбанк арқылы 95 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Ал ол тұратын Ұзынағаш ауылында тапанша мен 242 оқ табылды. Онда 38 мөр-таңба мен чек кітапшалары болған",- делінген мақалада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 31-қаңтар, сәрсенбіде Достық көшесі ,38-үйде орналасқан Нұрбанктің кеңсесіне қарулы адамдар тобы шабуыл жасады. Шабуылшыларды банк күзетшілері бейтараптандырып, құқық қорғау орандарына табыстады. Шабуыл жасағандар - Алматы қалалық ІІД-нің жедел әрекет етуші арнаулы тобының штаттағы қызметкерлері болып шықты. Жедел әрекет етуші арнаулы тобының қызметкерлері "Нұрбанк" АҚ-ында жүргізіліп жатқан қызмет бабындағы тексерулерге бөгет жасамақ болған. Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, банктегі қызмет бабындағы тексеру рұқсат етілмеген траншқа байланысты жүргізіліп жатқан. Ақпаратқа сәйкес, "Нұрбанк" АҚ басқармаларының бұрынғы төрағасы Ғылымов пен оның орынбасары Темірәлиев осы оқиғадан бір апта бұрын банктің бір проводкасымен 809 млн теңгені аударып жіберген.

Өткен аптада Алматы қаласы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің бастығы Владимир Курбатов қаржы полициясының "Нұрбанк" АҚ бұрынғы бастығының қатысуымен қаржылық қитұрқылықтармен айналысқан 40-тан астам мекеме тексеріліп жатыр" деп хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны