14.05.2007, 18:34 2840

"Нұрбанкке" жасалған шабуылға қатысты іс бойынша сот процессі айыптаушы жақтың негізгі куәгерлеріне қысым көрсету салдарынан үзілу қаупі бар

"Нұрбанкке" жасалған шабуылға қатысты іс бойынша сот процессі айыптаушы жақтың негізгі куәгерлеріне қысым көрсету салдарынан үзілу қаупі бар

АЛМАТЫ. 14 - мамыр. Kazakhstan Today. "Нұрбанк" АҚ-на жасалған шабуылға қатысты іс бойынша сот процессінде айыптаушы жақтың негізгі куәгерлеріне қызығушылық танытып отырған шенеуніктер тарапынан қысым көрсету салдарынан үзілу қаупі бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Айыптаушы жақтың Алматы қалалық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Самалхановқа, арнаулы шұғыл әрекет ету отрядының бастығы Наурызбай Қадырғожаев пен қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың туысқан бауыры - бұрынғы банкир Ибілмәжін Ғылымовқа қарсы барлық куәгерлерін не полиция ұстап әкеткен, не олар жауап алудан кейін ауруханаға жеткізілген. Атап айтқанда, бейсенбі күні жоғалып кеткен ең басты куәгер болып табылатын "Нұрбанк" АҚ-ның қауіпсіздік қызметі басқармасының бастығы Ерлан Сәрсенбеков ішкі істер департаментінің тергеу изоляторында жатқандығы белгілі болды.

Қалалық полиция бастаған қызығушылық танытушы тұлғалар тарапынан жасалынып отырған бұл әрекеттер Алматының жоғарғы шенеуніктерінің, олардың жақын туыстары мен Алматы полициясы басшысының қатысуымен өтетін сот процессінің үзілуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны