01.02.2007, 12:07 3108

Нұрбанктің бас кеңсесіне жасалмақ болған шабуыл бейтараптандырылды

АЛМАТЫ. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Нұрбанктің бас кеңсесіне жасалмақ болған шабуыл бейтараптандырылды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне банктің қауіпсіздік қызметінен.
 

31-қаңтар күні 18.30 шамасында қаруланған бес адам Достық көшесінің 38 үйінде орналасқан Нұрбанктің бас кеңсесінің операция бөліміне басып кірмек болған",- деп хабарлады қауіпсіздік қызметінен. "Шабуыл жасаушылар қару қолданып қорқытпақ болған", - деді ақпарат беруші. 

 
Банктің қауіпсіздік қызметі шабуыл жасаушыларды құрықтап, оларды құқық қорғау органдарына тапсырды. Банктің мәліметтеріне сүйенсек, шабуыл жасаушылардың кім екендіктері анықталған. "Біздегі ақпараттар бойынша, кеше кешке қаржы мекемесіне шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған",- деді ол. 
 
Қазіргі уақытта банк қалыпты жұмыс істеуде. 
 
Банк басшылары, қауіпсіздік қызметінің жоғары кәсіби шеберлік көрсеткен қазметкерлеріне арнайы сыйақы тағайындалатындығын хабарлады. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны