21.02.2007, 13:01 2920

"Нұрбанктің" бұрынғы жетекшісінің үстінен бірқатар қылмыстық істер қозғалды

АЛМАТЫ. 20-ақпан. Kazakhstan Today. "Нұрбанк" АҚ басқармаларының бұрынғы төрағасы Ибілмәжін Ғылымовтың үстінен бірқатар қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің экономикалық және қаржылық қылмыстарды тексеру бөлімінің бастығы Ырысбек Исаев агенттікке берген сұхбатында хабарлады.

"Ғылымовтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалды. Біріншісі ҚР Қылмыстық кодексінің "өкілеттілігін асыра пайдалану жөніндегі" 228-бабы бойынша қозғалған",- деді шұғыл тергеу тобының жетекшісі. Ы.Исаевтың айтуынша, тергеуге белгілі болғанындай, "несиелік желілер бойынша кепілдікке қойылған пәтерлер Ғылымовтың тікелей нұсқауымен екі есе арзан бағаға сатылған". Тергеушінің айтуынша, "сол арқылы "Нұрбанк" пен оның аффилиирлік компанияларына материалдық шығын келген".

"Екінші қылмыстық іс "лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалануға арандату жөніндегі" 28-баптың 4-тармағы мен 307 -баптың 2-тармағы бойынша қозғалды",- деді Ы.Исаев. Тергеушінің айтуынша, "жедел әрекет етуші арнайы топтың қызметкерлеріне қатысты, ІІД төрағасының орынбасары Самалиховқа қатысты қылмыстық істер бар, сонымен бірге, лауазым иесін өкілеттілікті бас пайдасына жаратуға арандату деген ұғым бар. Осы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды".

"Қазір Ғылымовтың үстінен тағы да бірқатар қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда", деді Ы.Исаев. Тергеуші топ жетекшісінің айтуынша, осы іске байланысты процессуалдық шешім таяу уақыттарда қабылдануға тиіс.

Сонымен бірге қаржы полициясы жалған кәсіпорындарды тіркеу деректеріне сәйкес қылмыстық іс қозғады. "Бүгінде осы қылмыстық іс аясында оған Темірәлевтің қатыстылығы туралы мәселе тексеріліп жатыр",- деді Ы.Исаев.

Ал әзірге "Нұрбанк" АҚ басқармалары төрағасының бұрынғы орынбасары Жолдас Темірәлиевтің жүрген жері анықталған жоқ. "Оған ауызша айып тағуға біз дайын болған кезде тиісінше, оған халықаралық іздеу жариялау туралы шешім қабылданады",- деп мәлімдеді Ы.Исаев.

Кеше Алматы қалалық ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында департамент төрағасы Ерлан Тұрғымбаев полицияның әзірге Темірәлиевтің жүрген жерін анықтаған жоқ деп хабарлаған. "Іздеу жөнінде шұғыл тергеу тобы құрылды, оны ІІМ-нің криминалдық полициясының қызметкері басқаруда. Қазіргі жағдаймен белгілі бір жорамалдар бар, бірақ ол әзірге табылған жоқ",- деді Е.Тұрғымбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны