18.03.2018, 18:32 3961

Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету жүйесін дамытуға шақырды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету және хоспистер жүйесін дамытуға шақырды

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету және хоспистер жүйесін дамытуға шақырды. Бұл туралы министр ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеӊесініӊ кезекті отырысында мәлімдеді.

Нұрлан Ермекбаев VII Азаматтық форумныӊ ұсынымдарын орындау шеӊберінде мемлекеттік органдардыӊ ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасауы түрлі салаларда кеӊ ауқымды мәселелерді қамтитынын атап өтті.

"Бұл ретте, біз халықты алаӊдататын өзекті мәселелерге мониторинг жүргізіп отырамыз және бізге түрлі өтініштер келіп түседі. Тұрғындардыӊкөпшілігі үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету және хоспистер жүйесініӊ дамытуға белсенді қатысуы жөнініде тілек білдіреді. Бұл бірінші кезекте онкологиялық науқастарға, қарт адамдарға қатысты көмек", - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

Министрдіӊ айтуынша, бүгінгі күні уәкілетті мемлекеттік орган елімізде тиісті жұмыстарды жүргізеді, атап айтқанда паллиативтік медициналық көмек көрсетуді дамыту бойынша қысқа мерзімді жол картасын әзірлеген.

Бұл орайда, министр мемлекеттік органдарды паллиативтік көмек көрсету, өӊірлердегі хоспистер жұмысын дамыту үшін үкіметтік емес ұйымдардыӊ әлеуетін пайдалануға назар аудартты.

Естеріӊізге сала кетейік, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеӊесіне қатысушылар VII Азаматтық форумыныӊ ұсынымдарын жүзеге асыру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардыӊ және қоғамныӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы белсенділігін талқылаған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны