11.10.2018, 13:27 4200

Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері спикерлерініӊ үшінші жиналысында сөз сөйледі

Түркиядағы 40-тан астам елдіӊ Парламент өкілдері бас қосқан маӊызды жиында Еуразиядағы экономикалық ынтымақтастық, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамудыӊ өзекті мәселелері талқыланды.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері спикерлерініӊ үшінші жиналысында сөз сөйледі.

Түркиядағы 40-тан астам елдіӊ Парламент өкілдері бас қосқан маӊызды жиында Еуразиядағы экономикалық ынтымақтастық, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамудыӊ өзекті мәселелері талқыланды.

Форумға қатысушыларды құттықтаған Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин шараға белді халықаралық ұйымдар мен сарапшылардыӊ қатысуы біздіӊ елдеріміздіӊ еуразиялық ынтымақтастықты нығайту жолында белсенді жұмыс атқарып келе жатқаныныӊ нақты дәлелі екенін атап өтті.

- Қазақстан көптеген интеграциялық процестердіӊ бастамашысы және белсенді қатысушысы ретінде әлемдік сауда-экономикалық жүйеге кіруді мақсат етіп келеді.1994 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде алғаш рет Еуропа мен Азия елдерін біріктіру идеясын жариялаған күннен еуразиялық интеграцияныӊ алғашқы қадамы басталған болатын, - деді Н. Нығматулин.

Еуразиялық интеграция идеясыныӊ 25 жылдық мерейтойына орай - Қазақстан Еуразия елдері парламенттері спикерлерініӊ Төртінші жиналысын Астанада өткізу туралы бастама жасады.

Өз сөзінде Нұрлан Нығматулин бүгінгі кездесуде көтерілген мәселелерге тоқтала келіп, БҰҰ Бас Ассамблеясыныӊ отырысында біздіӊ Елбасы ұсынған Үлкен Еуразияны құру идеясына айрықша назар аударды.

- Теӊдесі жоқҮлкен Еуразия жобасы-қатысушы елдер арасындағы сауда қатынастарын ырықтандыруды, көлік дәліздерін бірлесіп дамытуды, энергетикалық бағыттарды әртараптандыруды, инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықтыӊ басқа да мәселелерін қарастыра отырып, аталған бірлестіктердіӊ жұмысын үйлестіруді көздейді, - деді Н.Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы Еуразиялық Экономикалық Одақ жұмысына да көӊіл бөле келіп, ағымдағы жылдыӊ қаӊтар айынан бастап жаӊартылған ЕАЭО Кеден кодексі күшіне енетінін, ал келесі жылы электр энергиясыныӊ, сондай-ақ 2025 жылға қарай мұнай мен мұнай өнімдерініӊ ортақ нарықтарын құру жоспарланып отырғанын атап өтті.

- Үлкен Еуразия идеясы аясында Еуразиялық экономикалық одақтыӊ Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы басымбағытқа ие.Географиялық жағынан біз көрші елдерміз. Бізде барлық коммуникациялар, жолдар, желілер бар, стандарттарымыз ұқсас.Экономикалық тұрғыдан біздіӊ нарықтарымыз бір-біріне қажет.Қазақстан Қытай мен Орталық Азияныӊ нарықтарымен шекаралас және Ресей арқылы Еуропаныӊ нарықтарына шығатындығын ескерсек, мұныӊ бәрі Қазақстанға Батыс пен Шығыс арасындағы көпір болуға мүмкіндік береді, - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасыныӊ айтуынша, осыған байланысты Сочидегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ отырысында айтылған Қазақстан Республикасы Президентініӊ ұсыныстары ерекше мәнге ие.

Бұл Астана халықаралық қаржы орталығын кеӊінен пайдалану, Еуропа мен Азияны Беларусь, Ресей және Қазақстан арқылы байланыстыратын жылдамдығы жоғары темір жол сияқты инфрақұрылымдық мега-жобаларды, сондай-ақ Каспийді Қара теӊізбен байланыстыратын Еуразия кеме қатынасы арнасыніске асыру. Бұдан басқа, бұл өзара саудаға кедергі келтіретін барлық шектеулерді жою болып табылады.

Нұрлан Нығматулин ағымдағы жылы парламентшілермен талқылауға шығарылған экологиялық мәселелерге ерекше назар аударды. Осы бағытта біздіӊ елімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтқан Мәжіліс Төрағасы ұлттық экологиялық заӊнаманы ДСҰ мен ЕО шарттары мен талаптарына бейімдеу және халықаралық міндеттемелерді сақтау бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгеніне тоқталды.Сонымен қатар, негізгі халықаралық конвенцияларға қол қойылып, Экологиялық кодекс қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеудіӊ негізі болыптабылады.

- Қазақстан Президентініӊ табиғи ресурстарды басқару тәсілдерін өзгерту туралы тапсырмасына сәйкес, ақпараттық технологиялық жүйені кешенді енгізу, кәсіпорындардыӊ энергияны үнемдеу және тиімділігін арттыру талаптары, сондай-ақ энергия өндірушілердіӊ жұмыс өнімділігіне қатысты нақты қадамдар жасап келеді - деді Нұрлан Нығматулин.

Парламент Төрағасы атап өткендей, келесі жылы Парламент Экологиялық кодексті жаӊа редакцияда қарауды жоспарлап отыр. Онда қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық қатынастарды реттеу жүйесі қайта қаралып, үздік әлемдік үлгіге сәйкес, бақылау мен реттеудіӊ жаӊа құралдары мен тетіктерін енгізу көзделген.

Сондай-ақ Қазақстанда экологиялық жағдайды жақсарту жұмысын реттеуге бағытталған аймақтық стандарттар жүйесіәзірленетін болады.

Осы ретте Н.Нығматулин:

-Бұл бағытта бізөзіміздіӊ күш-жігерімізді біріктіріп, заӊ шығарушылық жұмысымызда тәжірибе алмасу мүмкіндігіміз зор. Еуразия елдерініӊ парламенттері арасында тұрақты және жан-жақты диалогты қолдау осы кеӊестіктегі барлық мемлекеттердіӊ сындарлы дамуыныӊ нақты факторы болып табылады, - деді.

Еуразия елдері парламенттері спикерлерініӊ Үшінші жиналысыныӊ нәтижесі бойынша қорытынды декларация қабылданып, онда Төртінші жиналыстыАстанада өткізу туралы шешім қабылданғаны да айтылды, деп хабарлайды Мәжілістіӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны