Система Orphus

Нұрлан Оңжанов ел президентінің көмекшісі болып тағайындалды

06.04.2007, 18:25 1062

АСТАНА. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Нұрлан Оңжанов ел президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Н.Оңжанов 1960-жылы туған. Гумбольдт атындағы Берлин университеті мен М.Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік шет тілдер институтының аспирантурасын бітірген.

90-шы жылдардың ортасынан бастап ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істеді. 1996-1997-жылдарда Қазақстан Республикасының Австриядағы елшілігінің кеңесшісі, 1997-2001-жылдарда Швейцариядағы елшіліктіңі кеңесшісі болды. 2001-жылы СІМ-нің экономикалық саясат департаментінің директоры қызметін атқарды. 2002-жылы Қазақстан Республикасының Германиядағы елшілігінің кеңесшісі болып істеді. 2002-2003-жылдарда Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консул болды. 2003-жылдың ақпан айынан бері вице-министр, СІМ-нің ТМД істері және аймақтық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің төрағасы болып істеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны