24.01.2018, 15:02 4244

"Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларын 50 млрд теӊгеге несиелендіруді жоспарлап отыр

Қазіргі уақытта 7 462 пәтер пайдалануға берілді және салымшылардыӊ сатып алуына дайын тұр. Бұған қоса 2018 жылы тағы 16 938 пәтер салынады деп жоспарланып отыр. Бұл жайында үкімет отырысы нәтижесі бойынша өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) клиенттеріне арналған мемлекеттік бағдарлама аясындағы тұрғын үй елдіӊ барлық аймақтарында сатылатын болады. Қазіргі уақытта 7 462 пәтер пайдалануға берілді және салымшылардыӊ сатып алуына дайын тұр. Бұған қоса 2018 жылы тағы 16 938 пәтер салынады деп жоспарланып отыр. Бұл жайында үкімет отырысы нәтижесі бойынша өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады.

"Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ шарттарына сәйкес қолжетімді бағамен сатылатын мұндай баспананы шотына үй құныныӊ 30%-на теӊ алғашқы жарнаны жинаған банк салымшылары ала алады. Бұл жағдайда мемлекеттік бағдарламаға қатысушы жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеӊілдетілген заем ресімдеу мүмкіндігіне ие. Арнайы осы мақсатта банкке 2016-2017 жылдары 30 млрд теӊге бөлінген болатын. Оныӊ 22 миллиардын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Ұлттық қордан алды. Бұған қоса Қаржы министрлігі "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуы үшін тағы 8 млрд теӊге бөлді. Берілген қаражатты банк 2017 жылдыӊ ішінде 100%-ға игерді.

- Бұл ақшаға 3 488 заем ресімделді, нәтижесінде біздіӊ салымшылар төмен бағамен өз баспанасын сатып ала алды. Болжауымызша, осы жылы "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында 8 500-дей азаматты 50 млрд теӊгеге несиелендіре алатын боламыз. Қазір банк қоржынында 30% көлеміндегі алғашқы жарнасы бар 33 000-нан астам депозит бар. Бұл шоттардыӊ иелері мемлекеттік бағдарламаға қатысып, кредиттік тұрғын үй ала алады. Қажет жарна қаражаты бар депозит саны бойынша Астана және Алматы қалалары көш бастап тұр. Сондай-ақ Ақтөбе, Оӊтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарыныӊ тұрғындары да тұрақты түрде салымдарын толықтырып отырады, - деді Ләззат Ибрагимова.

Ол "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында салынып жатқан барлық нысандар туралы қазақстандықтар baspana.kz сайтынан біле алатынын атап өтті. Мұнда қолжетімді үй алудан үміткер азамат пәтер алғысы келетін қаланы таӊдап, салынып жатқан нысандар, өтініштердіӊ қабылдануы туралы біліп, ұнаған пәтерді таӊдап, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініш бере алады. Қазіргі уақытта порталда 24 300 пәтерден тұратын 159 нысан туралы ақпарат топтастырылған.

Осы жылы банк салымшылары "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" атты пилоттық бағытыныӊ аясында жеке коттедждер де сатып ала алады. 2018 жылы Алматы (48 үй), Жамбыл (100 үй), Солтүстік Қазақстан (72 үй) және Ақтөбе (194 үй) облыстарында 414 коттедж пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Өткен жылы Қостанай облысыныӊ тұрғындары алғашқы болып жеке коттедж иегерлері атанды. Мұндай баспанаға қол жеткізгендердіӊ саны - 10, барлығы да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшылары. Олар жергілікті әкімді жер телімін алуға кезекте тұрған болатын. Кезегі жеткенде мемлекет тиесілі 10 сотық жерді тегін берді. Ал сол жерде салынған дайын үйді тұрғындар жеӊілдетілген займмен сатып алды. "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ шарттарына сәйкес, мұндай үйдіӊ 1 шаршы метрініӊ бағасы 120 мыӊ теӊгеден аспауы керек.

2017 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банк жалпы сомасы 289,8 млрд теӊгені құрайтын 41 728 заем ресімдеген. Жыл басындағы жоспар 181 млрд теӊге болатын. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасыныӊ аясында берілген займдардыӊ банк қоржынындағы үлесі 15%-ға теӊ.

Қазіргі уақытта миллионнан астам адам Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашып, баспана алуға ақша жинап жатыр. Олардыӊ шотында құралған қаражатыӊ жалпы көлемі - 520 млрд теӊге. 2017 жылы 352 мыӊ жаӊа салым ашылды. Жыл басындағы жоспарланған көрсеткіш 290 мыӊ болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны