24.12.2009, 17:49 3254

"Нұр-медиа" холдингінің жетекшісі тағайындалды

"Нұр-медиа" холдингінің жетекшісі тағайындалды

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Нұр-медиа" холдингінің жаңа жетекшісі болып Қайсар Жаңаханов тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Нұр Отан" ХДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"24 желтоқсанда "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин "Нұр-медиа" холдингінің жаңа жетекшісін таныстырды. Бұл лауазымға бұған дейін "Арна Медиа" Ұлттық холдингі басқармалары төрағасының орынбасары қызметін атқарып елген Қайсар Қадырұлы Жаңаханов тағайындалды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламада.

"Нұр-медиа" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Арманжан Байтасов өз өтініші бойынша қызметінен босатылды, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны