19.09.2018, 15:39 4843

"Нұр-Мүбарак" университетініӊ атауы "Нұр-Мүбарак" Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университеті болып өзгертілді

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Египет Араб Республикасына жұмыс сапары барысында Египет Ислам мәдениетініӊ "Нұр-Мүбарак" университетініӊ Қамқоршылар кеӊесініӊ отырысына қатысып, сондай-ақ осы елдіӊ мемлекеттік органдарыныӊ және дін көшбасшылары өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Алматы. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Нұр-Мүбарак" университетініӊ атауы өзгерді.

Оқу орныныӊ атауы - "Нұр-Мүбарак" Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университеті болып өзгертілді. Мұндай шешім 2018 жылғы 8 қыркүйекте Каир қаласында өткен Нұр-Мүбарак университеті Қамқоршылар Кеӊесініӊ 7-ші отырысында қабылданды.

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Египет Араб Республикасына жұмыс сапары барысында Египет Ислам мәдениетініӊ "Нұр-Мүбарак" университетініӊ Қамқоршылар кеӊесініӊ отырысына қатысып, сондай-ақ осы елдіӊ мемлекеттік органдарыныӊ және дін көшбасшылары өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Қазақстандық делегация құрамында Бас муфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы Серікбай қажы Ораз, дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығыныӊ директоры Айнұр Ибдірәсілқызы бар.

Қамқоршылар кеӊесініӊ отырысында сөз сөйлеген Дархан Кәлетаев "Нұр-Мүбарак" университетініӊ дін саласындағы кадрларды дайындауда маӊызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, университет қызметін жетілдіру бойынша одан әріжасалатын қадамдар маӊызды болып табылады. Білім ордасын Орта Азияныӊ діни білім беру мекемелері арасында жетекші орынға көтеру және болашақта Таяу Шығыстағы алдыӊғы қатарлы және беделді діни университеттер деӊгейіне дейін жеткізу жоспарларынып отыр.

Кеӊес барысында Қамқоршылар кеӊесініӊ шешімімен университеттіӊ жаӊа ректоры қызметіне мысырлық доктор, профессор Мұхаммед Шаххат Ил-Гинди тағайындалды. Университет проректоры ретінде Қазақстан тарапынан Қайрат Құрманбайдыӊ кандидатурасы ұсынылып, қолдау тапты.

Келіссөздер аясында "Нұр-Мүбарак" университетініӊ оқу ғимаратын Қазақстан Республикасына беру мәселесі қаралды.Осыған байланысты Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасыныӊ Үкіметі арасында 2001 жылы жасалған "Нұр-Мүбарак" университеті туралы келісімніӊ ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс жасалды.

Университеттіӊ қазіргі атауын "Қазақ-Мысыр ислам мәдениетініӊ "Нұр-Мүбарак"университетіне ауыстыру туралы келісімге қол жеткізілді. Университет ректорларын Қазақстан мен Египеттіӊ өкілдерінен кезекке сәйкес ауыстыру қарастырылған. Аталған өзгертулер мен толықтырулар Университет Жарғысына енгізілді. Тиісті хаттамаға Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев пен Египет Араб Республикасыныӊ Вакуфтар министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма қол қойды.

"Нұр-Мүбарак" университетініӊ Қамқоршылар кеӊесініӊ келесі отырысын 2020 жылдыӊ тамызында Қазақстанда өткізу жоспарланып отыр.

Дархан Кәлетаев жұмыс сапары аясында Египеттіӊ Сыртқы істер министрі Сами Шукримен, Египеттіӊ Көне ескерткіштер жөніндегі министрі Халед Аль-Ананимен, Бас имам, шейх Ил-Азхар Ахмад Ит-Тайебпен, Александрия Патриархы Тавадрос II-мен, Жастар және спорт министрі Ашраф Собхимен екіжақты кездесулер өткізіп, ағымдағы жылдыӊ 10-11-ші қазанында Астана қаласында өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне Египет өкілдерініӊ қатысуын және ынтымақтастықты кеӊейту перспективаларын талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны