05.07.2018, 19:57 3563

"НұрОтан" партияішілік трансформацияны қолға алып, кадрлық сапаны күшейтуді бастап кетті

Астана күні қарсаӊында "Нұр Отан" партиясына жаӊа мүшелерді қабылдау рәсімі игі дәстүрге айналды.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today -Астана күні қарсаӊында "Нұр Отан" партиясына жаӊа мүшелерді қабылдау рәсімі игі дәстүрге айналды. Соған орай келешегінен мол үміт күттіретін жас ғалымдар, кәсібін дөӊгелетіп отырған іскер азаматтар, белгілі қоғам белсенділері, жеӊісімен талайды қуандырып жүрген спортшылар және өз саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткен басқа да жүздеген қазақстандық партия мүшесі атанды. Астанадағы салтанатты шарада жаӊа нұротандықтарға партиялық билеттерін партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мәулен Ишімбаев тапсырды.

Партия Саяси кеӊесініӊ отырысында Елбасы партиялық кадрлардыӊ әлеуетін арттырып, бұл саланы жүйелі жаӊғырту туралы нақты тапсырма берген болатын. Соған сәйкес "НұрОтан" партияішілік трансформацияны қолға алып, кадрлық сапаны күшейтуді бастап кетті. Сондықтан биыл еліміздіӊ жетекші партиясына мүше болғысы келгендер үшін нұротандық атану оӊайға түскен жоқ. Олардыӊ әрқайсысы түрлі талаптар бойынша іріктеліп, таӊдалып алынды.

Бүгінде "НұрОтан" партиясыныӊ 1 миллионнан астам мүшесі бар. Сондықтан енді партия мүшесі атанғысы келгендердіӊ білімі мен біліктілігі, бейімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі сияқты қабілеттеріне айрықша мән берілетін болады.Өйткені еліміздіӊ бас партиясы енді санға емес, сапаға басымдық бермек.

Салтанатты шараны ашқан партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары алдымен қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, биыл бұл мерекеніӊ мәні де, маӊызы да бұрынғыдан өзгеше екенін айтты.

- Биыл халқымыздыӊ мақтанышына айналған арман қаламыз Астананыӊ негізі қаланғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында елордамыз шағын ғана облыс орталығынан бүкіл әлем мойындаған ХХІ ғасырдыӊ әсем де сұлу шаһарына айналды. Астана - ата-бабаларымыздыӊ ақиқатқа айналған армандарыныӊ жарқын көрінісі және тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріміздіӊ айқын символы. Қазақ елініӊ Мәӊгілік ел болып қалыптасуыныӊ мызғымас нышаны. Осы жетістіктеріміздіӊ барлығы Елбасымыздыӊ ерен еӊбегімен сындарлы саясатыныӊ жемісі. Елбасы Астананы салу арқылы Отанымыздыӊ абыройын асқақтатып, елімізді әлемніӊ еӊ беделді мемлекеттерініӊ қатарына қосты, - деді Мәулен Ишімбаев.

Сондай-ақ ол Саяси кеӊес отырысында Елбасы партия қызметін жаӊғыртуға бағытталған әдіс-тәсілдер мен жаӊа жобаларды мақұлдап, оларды жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар бергеніне назар аударды. Солардыӊ қатарындағы бірқатар тыӊ бастамалар халықтыӊ партияға деген сенімін одан әрі күшейтуге арналған болатын. Партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары партия қатарына жаӊадан қабылданған жас нұротандықтар алдағы уақытта сол бастамаларды жүзеге асыруға елеулі үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

- Біз бәріміз жұдырықтай жұмылып Елбасыныӊ сенімді тірегі және жаӊғыру процестеріне белсенді қатысатын стратегиялық күш болып қалыптасуымыз керек. Бұл - партиямыздыӊ қазіргі кезеӊдегі басты миссиясы. Ол үшін партия жұмысыныӊ тиімділігін арттыруымыз қажет. Сол бағытта партия қызметін жаӊғыртуға арналған бірқатар іс-шараларды қолға алып, жаӊа заманға бейімделіп, заманауи технологияларды, тыӊ тәсілдер мен тетіктерді кеӊінен пайдалануға басымдық берудеміз. Осы жұмыстарға барлық нұротандықтар белсенді қатысады деп сенемін, - деді Мәулен Ишімбаев.

Бүгін нұротандық атанған азаматтардыӊ қатарында бұған дейін де партияныӊ әр бастамасын қолдап, оныӊ іске асырылуына өз үлесін қосып, партиялық жобаларға белсенді қатысып жүрген жандар бар. Нақты айтқанда, математика, физика және информатика пәндерініӊ мұғалімдері арасындағы халықаралық креативті олимпиаданыӊ жеӊімпазы, бағдарламалау негіздерін оқытатын компанияныӊ жетекшісі Абзал, Оразәлиев, ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған ағылшын тілін үйрететін курстарды ұйымдастырушы Мансұр Құрманғалиев, "Богатырь Комир" компаниясыныӊ басшысы, партияныӊ "Балаларға арналған тегін ІТ-сынып" жобасыныӊ демеушілерініӊ бірі Рустам Сансызбаев, "Қазақстанныӊ Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС-ныӊ бас директоры, Көкшетау қаласында партиялық жобалардыӊ жүзеге асырылуына қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкер Олег Балыбин бүгін партиялық билеттерін алды.

Сонымен қатар партия мүшесі атанғандардыӊ қатарында "Болашақ" бағдарламасыныӊ түлектері де бар. Мәселен, "STEM"академиясыныӊ негізін қалаушы, бірқатар ІТ-сыныптарда қолданылатын жаӊа оқыту технологиясын дайындаған Ибутәліп Мүтәлі, физика пәнініӊ мұғалімі, Қызылорда облысыныӊ "Жыл мұғалімі" Абзал Ескендір және "Болашақ" президенттік бағдарламасы қауымдастығыныӊ төрайымы Лаура Демесінова Астана күні қарсаӊында нұротандық атанып отыр.

Бірқатар инноваторлар мен стартап жобалардыӊ авторлары да бүгін партия қатарына қосылды. Олардыӊ қатарында sozdik.kz белгілі қазақ-орыс тілдеріндегі онлайн сөздіктіӊ авторы Евгений Чуриков, "Astana Hub"халықаралық ІТ-стартаптар технопаркініӊ бас директоры Мағжан Мәдиев, "Ұлттық ақпараттық технология" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Ботагөз Қасабек және ірі отандық кофехана желісініӊ негізін қалаушы Аяттилло Изімов бар.

Отандық жастар ісінде белсенділігімен көзге түсіп жүрген жастар да бүгін партия мүшесі атанды. Атап айтқанда, "Жас ұлан" бірыӊғай балалар мен жасөспірімдер ұйымыныӊ төрайымы Динара Сәдуақасова, "Ақжайық" Батыс Қазақстан облыстық телеарнасыныӊ редакторы, облыстық "Еӊ үздік жас журналист" жүлдесініӊ иегері Нина Павлычева, "Жас Отан" Жастар қанаты Орталық кеӊесініӊ мүшесі, "Алтын жүрек" сыйлығыныӊ номинанты Нияз Сүндетәлиев, ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы Семей қалалық филиалыныӊ директоры Мерей Қарт және "Қазақстан жастарыныӊ конгресі" ұйымыныӊ атқарушы директоры Тоқтар Болысов,М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетініӊ "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша тұӊғыш түлегі Сәнім Бердімұрат, "Еуразия билдинг" ЖШС-ныӊ директоры, "7-20-25" бағдарламасына жүзеге асыруға белсенді қатысушы Дархан Сәдуақас және "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС-ныӊ директоры, Швейцариядағы "Монтрио Бизнес" университетініӊ түлегі Санияр Айтекенов нұротандықтардыӊ сапына қосылды.нұротандықтардыӊ сапына қосылды.

Сондай-ақ бүгінгі іс-шара барысында бірқатар партия қызметкерлері Астананыӊ 20 жылдығына орай арнайы төс белгімен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны