17.04.2018, 20:27 6193

Нұрсұлтан Назарбаев "Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасы аясында шығарылған кітаптарды таныстыру рәсіміне қатысты

- Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардыӊ ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті. Біз бүгін алғашқы 18 кітаптыӊ таныстырылымына жиналып отырмыз, - деді Елбасы.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев "Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасы аясында шығарылған кітаптарды таныстыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Іс-шарада Мемлекет басшысына рухани жаӊғыру бағдарламасын іске асыру аясында аударылып, басып шығарылған 18 оқулық таныстырылды.

Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақала қазақстандықтар тарапынан кеӊ қолдауға ие болғанын айтып, оныӊ жекелеген бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардыӊ нәтижелеріне тоқталды.

- Барлық өӊір "Туған жер", "Киелі жерлердіӊ географиясы" және "100 жаӊа есім" жобаларына атсалысып жатыр. Бір жыл ішінде меценаттар қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ондаған миллиард теӊге бөлінді. 700-ден астам мәдениет ескерткіштері жөнделіп, қайта қалпына келтірілді. Жүздеген ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілініӊ жаӊа әліпбиін талқылау үдерісі біртұтас қоғамымыздыӊ кемелденгенін танытатын тарихи қадамға айналғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы рухани жаӊғыру аясындағы жұмыстардыӊ маӊыздылығына тоқталып, "100 жаӊа оқулық" жобасыныӊ жас ұрпаққа білім беру ісіндегі рөлі зор екенін айтты.

- Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардыӊ ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті. Біз бүгін алғашқы 18 кітаптыӊ таныстырылымына жиналып отырмыз, - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті бұл шараныӊ бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық сала үшін маӊызды екенін айтып, оныӊ бірқатар ерекшеліктерін атап өтті.

- Бүгінгі алғашқы зияткерлік транш АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швейцария сияқты алдыӊғы қатарлы елдердіӊ еӊ үздік ғылыми еӊбектерін қамтиды. Бұл кітаптармен танысуға мүмкіндік алған жастарымыз көп емес, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ұсынылған кітаптар қазақ тіліне түпнұсқадан аударылғанын айтты.

Елбасы бүгінгі іс-шара рухани жаӊғыру бағдарламасыныӊ жаӊа кезеӊін бастайтынын атап өтті.

- Бұл - ауқымды энциклопедиялық ізденіс арқылы адамзат дамуыныӊ көкжиегіне жол ашатын кезеӊ. Бүгінде зияткерлік даму үдерісінен туындаған тыӊ серпінніӊ арқасында рухани революция бастау алып келеді, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда әлемніӊ дамуы көбіне инженерлік ғылымныӊ әлеуетімен анықталатынына назар аударып, озық технологияларды пайдаланудыӊ мақсаттарын ұғыну маӊызды екенін айтты.

- Ғылыми таным - заманауи ұлттыӊ бәсекеге қабілетті болуыныӊ басты шарты. Жаӊа оқулықтар білімніӊ нағыз энциклопедиясы болып саналады. Бүгінде оқу әдісі ғана емес, сондай-ақ оныӊ мазмұны да маӊызды. Осыған орай "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы бес жылға арналған жалпыұлттық білім беру ісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы әлемдік тәжірибеде мұндай кешенді бағдарламаныӊ іске асырылуы сирек кездесетінін атап өтті.

- Жаӊа оқулықтар - эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Бұл оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардыӊ ашық дәрістерініӊ видеотекасы сияқты үш форматта қол жетімді болмақ. Кітаптар латын қарпінде басып шығарылғаннан кейін, оларды шетелде тұратын жастарымыз да оқи алатын болады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жобаны іске асырудыӊ арқасында Қазақстанда аударма ісініӊ жаӊа мәдениеті қалыптасқанын атап өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті еліміз бен қоғамымыздыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторыныӊ маӊыздылығы жөнінде айтты.

- "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы жастарымыздыӊ болашағы үшін іске асырылуда. Осы орайда, өскелеӊ ұрпақтыӊ оны жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысқаны аса маӊызды. Біз бүгін тәуелсіздік жылдары қалыптасқан ғылыми-кадрлық әлеуметіміздіӊ зор екеніне тағы да көз жеткіздік, - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы үштілділік қағидатын сақтаудыӊ маӊыздылығына тоқталып, биыл бірнеше шетелдік оқулықты орыс тіліне де аудару мәселесін қарастыруды тапсырды.

Кездесу соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық аударма бюросына бірқатар нақты тапсырма берді.

- Біріншіден, 2018 жылға жоспарланған 30 кітаптыӊ әрі қарай сапалы аударылуын және басылып шығуын қамтамасыз ету керек. Қаржыландыру уақтылы әрі толық бөлінуге тиіс. Келесі жылы аударылады деп жоспарланған оқулықтар өз уақытында іріктеліп, талдаудан өткізілуі керек. Екіншіден, бұл оқулықтарды білім беру үдерісіне тиімді түрде енгізу - маӊызды міндеттердіӊ бірі. Осы оқулықтар бойынша оқытылатын пәндер жаӊа оқу жылыныӊ білім беру бағдарламаларына енгізілуі қажет. Үшіншіден, ғылыми тәжірибеде қолданылатын барлық терминдерді жүйелендіріп, гуманитарлық және экономикалық лексиканыӊ жаӊа түсіндірме сөздігін шығаруды тапсырамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Үкіметі тарапынан жобаныӊ сапалы жүзеге асырылуына тиісті бақылау жасауды тапсырды.

- Төртіншіден, оқулықтар кәдімгі кітаптар сияқты басылып шығуы керек. Сонымен қатар онлайн білім беру ісін дамыту қажет. Қазір дамыған елдерде виртуалды университеттер бар. "Қазақстанныӊ ашық университеті" жан-жақты қолдау табуы керек. Ашық лекциялар видеотекаларыныӊ және солардыӊ негізінде дайындалатын оқулықтардыӊ сапасын қадағалауға ерекше назар аудару қажет. Бесіншіден, "100 жаӊа оқулық" жобасы ғылыми аударма мектептерін дамыту ісінде маӊызды рөл атқарады. Сондықтан аударма саласында тәжірибеніӊ, білімніӊ және кәсіби дағдыныӊ жүйелі дамуын қамтамасыз ету керек, - деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны