26.12.2014, 00:52 3524

Нұсқаушы офицерлердіӊ даярлығы жөніндегі жоспарлы шараға "Қазбат" бітімгершілік батальоны мен Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты бірнеше бөлімдердіӊ әскери қызметшілері қатысуда

Нұсқаушы офицерлердіӊ даярлығы жөніндегі жоспарлы шараға "Қазбат" бітімгершілік батальоны мен Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты бірнеше бөлімдердіӊ әскери қызметшілері қатысуда.

Астана. 26 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қапшағайдағы 32363 әскери бөлімініӊ базасында әуе десанты даярлығы мамандарыныӊ онкүндік жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұсқаушы офицерлердіӊ даярлығы жөніндегі жоспарлы шараға "Қазбат" бітімгершілік батальоны мен Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты бірнеше бөлімдердіӊ әскери қызметшілері қатысуда, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

Жиын барысында әуе десанты даярлығыныӊ мамандары "Бүркіт-2" деп аталатын жаӊа парашюттік жүйені меӊгерулері керек. Бұл жүйе арнайы мақсаттағы күштер мен барлау бөлімшелеріне арналған. Сонымен қатар, авиациалық көліктіӊ барлық түрінде қолданылады.

Жиын жетекшісі полковник Виктор Житник шараныӊ нәтиже беретініне сенімді. Себебі, жиынға қатысушылар өздеріне қойылған міндеттерді орындауға, кәсібилігін арттыруға және әскери қызметшілердіӊ әуе десанты даярлығын тиісті деӊгейде қамтамасыз етуге даяр

Биыл Аэроұтқыр әскерлері "Бүркіт-2" жүйесініӊ жүзден астам жиынтығын алды. Жиыннан соӊ мамандар (олардыӊ үздіктеріне "Иуе десанты даярлығыныӊ нұсқаушысы" атағы беріледі) әскери қызметшілерді парашют ісініӊ қажетті дағдыларына оқытатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны