04.02.2019, 14:13 9577

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті құрамында мөлшерден асатын гендік-түрлендірілген ингридиенттер бар нан қоспасын анықтады

Бұл ретте тұтыну қаптамасында көрсетілген өнімдерде гендік-түрлендірілген ингридиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ.

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті "Домашний продукт" супермаркетінде (Астана қ., 38 көше, 4 үй) өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында құрамында бидай ұны, жүгері крахмалы, ашытқы, тұз және қара бұрыш бар "Кляр" сауда атауы бар адам денсаулығына қауіпті нан қоспасын анықтады.

Алайда, зертханалық сараптама нәтижелері бойынша генетикалық түрлендірілген сояның сандық құрамы 7-ден 110 есеге дейін, сондай-ақ құрамы 0,9% рұқсат етілген жағдайда жүгерінің 1,6% - ға дейін артуы анықталды.

Бұл ретте тұтыну қаптамасында көрсетілген өнімдерде гендік-түрлендірілген ингридиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, азық-түлік өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы Алиментариус Кодексінің Халықаралық тамақ стандарттарына сәйкес 0,9% - дан аспайды және міндетті түрде таңбалануға жатады.

Аталған өнімнің өндірушісі-Оңтүстік Корея компаниясы "Nulpureun Co.Ltd" ЖШҚ импорттаушы "ҚОФ" (Ресей Федерациясы).

Қазіргі уақытта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган өнімді анықтау және айналымнан алып қою жөнінде қажетті шаралар қабылдауда.

Дүкен сөрелерінде аталған сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04 нөмірі бойынша Комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өңірдің ҚДСД-ның байланыс деректері аумақтық департаменттер бөлігінде kooz.dsm.gov.kz/ru сайтында көрсетілген).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны